Қазақстанда әмбебап теміржол платформасын шығара бастайды

06.09.2016

Қазақстандағы жүк вагондарын шығаратын ең ірі кәсіпорын «Қазақстанның  вагон жасау компаниясы» (ҚВЖК) ЖШС зауыт үшін жаңа вагон түріәмбебап теміржол платформасын шығарады


Өндірісті әртараптандыру аясында ҚВЖК 2018 жылға дейін шығарылатын өнімнің үлгілік қатарын ұлғайтуды көздеп отыр. Әмбебап жартылай вагоннан басқа компания әмбебап платформаларды және де басқа жүктік вагондардың түрлерін, модельдерін нарықтық  конъюнктурасына байланысты шығаруды жоспарлап отыр.  

 

 «ЗИКСТО» АҚ Басқарушы компания осы жылдың қазан айында өндіріске қойылуы басталатын, алғашқы 500 теміржол платформасын өндіруге тапсырыс берді, – деді «ҚВЖК» ЖШС-нің бас директоры Қуандықов Сүйіндік. – Және де осы тапсырыс  2016 жылдың соңына дейінгі ҚВЖК-ның жалақы және салық міндеттемелерін жабу және қаржыландыру көзі, сондай-ақ кредиторлардың алдындағы ағымдағы міндеттемесі болып табылады».

 

Толығырақ http://and.kz/site/article/2874