Логистикалық орталықсыздандыру

05.08.2014

Осыған байланысты «Қазтеміртранс» АҚ президенті Ержан Жакишев бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша өткен есеп беру жиналысында ҚТТ филиалдарының басшыларына сату жоспарымен бекітілген, сондай-ақ жол бөлімшелері бойынша тасымалдау және кіріс көлемдері туралы ақпарат беруді тапсырды.

Жол бөлімшелерінде кәсіпорын қызметін бағалаудың негізгі көрсеткіштері мен логистика жөніндегі директордың орынбасары лауазымы енгізіліп отыр. Басшы бұл қадамдар тасымалдау көлемдерін арттыру мақсатымен ұлттық компания құрылымының коммерциялануына бағытталатынын түсіндірді:

– Іс-шаралар мақсаты – аймақтардағы бәсекелес ортаның мониторингі мен сату жоспарын орындау. Біз тек сатумен шектеліп қана қоймай, жаңа жүк бағыттарын және сатудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыратын боламыз, – деді Ержан Жакишев.

Тасымалдау көлемі, жүк номенклатурасы мен қатынас түрлері бойынша өз жоспарларын «Қазтеміртранс» АҚ аймақтық филиалдары коммерцияландыру және логистика жөніндегі бас департаментке тапсыруы тиіс. Олардың талдауы Қазтеміртранс вагондарына және басқа меншік иелерінің вагондарына тиесілі жүктердің үлесін анықтайды.

Жакишевтің айтуы бойынша тарифтік шарттардың да талдауы жүргізілуі керек.

Жартыжылдық қорытындысы бойынша «Қазтеміртранс» АҚ кірістер бойынша жоспарды орындау 93, 9%, вагондармен операциялар жүргізу бойынша 80, 2% құрады.

Ал шығыстар, керісінше, артты: өндірістік қажеттіліктерге жоспарланған 101,1 млрд теңгенің орнына 112, 5 млрд теңге жұмсалды. Бұл артық шығын вагондардың бос жүрісінің және олардың тұрып қалуының есебінен болды.

Жалпы алғанда есептік кезең ішінде компания 613, 855 мың вагон тиеді және жөнелтті. Бос құрамның жүк тиелген құрамға қатысты үлесі 171% құрады, атап айтқанда ол шамамен екі есе артық болды. Тиелген жөнелтімдердің ең үлкен үлесі Алматы, Ақмола, Атырау, Қызылорда, Қостанай, Шымкент филиалдарына тиесілі.

Ирина БЕКЕТОВА

«Қазақстан теміржолшысы» газеті