ҚР Президенті: Көліктік сала – экономикалық өсімнің негізгі драйвері

07.11.2013

Астанада «Жаңа Жібек Жолы» ІІ Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес форумы басталды. Форум жұмысына Қазақстан, Белоруссия, Әзірбайжан, Грузия ұлттық теміржол компанияларының, ЕО және ТМД мемлекеттері жанындағы жетекші көліктік және логистикалық кәсіпорындардың жетекшілерінен құралған 300-ден астам делегат қатысуда. ҚР Президенті атынан құттықтау сөзін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов оқып шықты.

— Қазақстанда осындай ауқымды көліктік-логистикалық форумның өткізілуі — Шығыс және Батыс арасындағы өзараәрекеттесудің маңызды символы болып табылатын Ұлы Жібек Жолының қайта өркендеуі процессіндегі ерекше оқиға, — деп атап өтті өз сөзінде Үкімет басшысы.

— Біздің мемлекетіміздің бірегей географиялық орналасуы мен Еуразия кеңістігіндегі тауарлық ағындардың негізгі маршруттары арқасында Қазақстанды ірі іскерлік транзиттік хабы ретінде қалыптастыру бастамасы ұсынылған болатын. Аталмыш мақсаттың сәтті жүзеге асырылуы біздің еліміздің әлімнің 30 дамыған елі қатарына кіруі жолында сенімді негізді қалыптастыру мүмкіндігін береді, — делінген құттықтау сөзде.

Форум Қазақстан және ТМД елдерінің аумағында логистика және жеткізілімдер тізбектерін басқару саласындағы алғашқы әрі ғаламдық іс-шаралардың бірі болып табылады.

Литер
http://www.liter.kz