Бар қазақстандық астықтың тасымалдауларын енді «Астық Транс» қамтамасыз ететін болды – «Казах-Зерно» эксклюзивтік сұхбаты

16.10.2013

Астықтың орнын ел ішінде ауыстыру және экспортқа шығару жөніндегі көліктік мүмкіндіктердің салдарынан зиян шегіп отырған Қазақстанның астық нарығы «Астық Транс» АҚ» БК жаңа қазақстандық-ресейлік теміржол астық операторының пайда болуымен бұрынғыдан да оңтайлы болуы мүмкін. Бұның алдыңғы себептері-де жоқ емес.

Біріншіден, бұл бұған дейін бәсекелес болған «Русагротранс» және «Қазтеміртранс» компанияларының тиімді қызметтестігі. Екіншіден, қазақстандық нарыққа қызмет көрсететін көліктік құралдарының айтарлықтай өсуі. Үшіншіден, бұл — уақыт пен шығындарды қысқарту мүмкіндігін беретін астық тасымалдауларының «маршрутизациясы» сияқты жаңа логистикалық технологияларды енгізу.

«КазахЗерно.kz» басылымының тілшісі жаңадан құрылған кәсіпорынның Вице-президенті Салтай Қатпаевқа өз сауалдарын қойды.

— Әңгімемізді жаңадан құрылған біріккен кәсіпорын жайлы бастасақ…

— «Астық Транс» АҚ 2013 жылдың 8 тамызы күні құрылса, 2013 жылдың 16 тамызында Астана қаласында 130840012622 нөмірі бойынша Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінде Мемлекеттік тіркеуден өткен болатын. Бірқатар ұйымдастырушылық шаралардан кейін, АҚ үстіміздегі жылдың 21 қазанынан бастап өз қызметін толық жүзеге асыруға кіріседі деп отырмыз.

АҚ қызметінің негізгі мақсаты мен мазмұны — қазақстандық астықтың ішкі тасымалдауларын, сонымен қатар айына астықтың 1 млн. тоннасынан астам көлемін тасымалдаумен «Қазтеміртранс» АҚ, «Русагротранс» ЖАҚ паркін және басқа да операторлардың вагондарын тарту есебімен экспорттық тасымалдауларды қамтамасыз ету. Қазақстандық нарыққа тұрақты негізге зерновоз вагондарының шамамен 4 мың бірлігінің келуі, ең бірінші кезекте, мемлекетаралық қатынастағы қазақстандық астық тасымалдауларына жылжымалы құрам жетіспеушілігін жоюға септігін тигізеді. Астық тасымалдауларының саласында бірыңғай бағалық саясаттың орнатылуы жүк иелері үшін тасымалдаулар бағасының тұрақтылығын арттыратын болмақ.

Болашақта «Астық Транс» АҚ өз алдына кемежай алымдарының, логистикалық кестелер мен бағыттас тиеулерді қолдану, сонымен қатар көлік қызметтері нарығының жағдаяттарын зерттеу есебімен алмаспайтын мөлшерлемелерді ұсыну арқасында көліктік ұсталымдарды төмендететін міндеттерін қойып отыр. АҚ паркті жоғарлатылған көлемімен және жақсартылған басқа да техникалық сипаттамалармен зерновоздардың жаңа замануи түрлерімен жаңартатын болады. Осының барлығы да қазақстандық астықтың экспортын өткізудің жаңа нарықтарына жылжыту және кеңейтуге болысады деп жоспарланып отыр.

— Үшінші елдер зерновоздарын, сонымен қатар жеке көлікті өзаратиімді пайдалануды қоса алғанда, ішкі тасымалдаулар мен экспортқа арналған астықтың жеткізулерін қамтамасыз ету ісі Қазақстан қолынан бұған дейін-де келген болатын. «Астық Транс» тасымалдаулары ұйымдастырылуының бұған дейінгі кестелерден басты айырмашылығы неде?

— Қолдағы вагондап технологияны маршруттық пойыздардың логистикалық жүйесіне құрастыру технологиясына өзгерту және қазақстандық астықтың бар теміржол тасымалдауларын бұдан да тиімдірек жолмен кепілді қамтамасыз ету — «Астық Транс» АҚ негізгі бизнес идеясы.

Маршруттық пойыздарды қалыптастыру вагондар айналымын шамамен 2 есеге дейін қысқарту, статистикалық жүктеменің көрсеткіштерін арттыру, вагондарды жөндеу жұмыстары мен үлестік ұсталымға жұмсалатын шығындарды төмендету мүмкіндігін береді. Нәтижесінде, «Астық Транс» АҚ жүгі артық жүйе телімдеріндегі алаңдаушылықты ала отырып, жылжымалы құрамның өз көлемімен астықтың үлкен көлемінің тасымалдауларын ұйымдастыруды көздеп отыр.

Өз қызметі барысында «Астық Транс» АҚ өзінің тең құрылтайшысы — «Русагротранс» ЖАҚ-ның әлеуеті мен мүмкіндіктерін пайдаланатын болады. Бұл зерновоздарға тиеуге жарамды жүктерді кері тиеуге қолұшын беруден көрінетін болады (мысалы: аршылмаған қант, күнжара, нұт, минералдық тыңайтқыштар, бұршақ, жүгері және басқа дақылдар). Бұған қоса, РФ кемежайларына кемелердің келуі есебімен вагондарды қабылдау кестесін келістіру, РФ, ТМД мемлекеттерінің және Балтық елдерінің аумақтары бойынша жүктерді транзитпен тасымалдау кезіндегі экспедитор қызметтерін ұсыну жөнінде көмектесетін болады. Осының барлығы да біздің компаниямыз және әр бөлек жүк жөнелтушісі үшін тасымалданатын жүктің бірлігіне көліктік шығындарды айтарлықтай арзандатпақ.

— «Астық Транс» БК маршруттық құрамдарын қалыптастыру орталықтары қандай параметрлер бойынша анықталатын болады және бұл сұрақта жүк тасымалдаушыларының бастамалары қаншалықты есепке алынатын болады?

— «Астық Транс» АҚ бастапқы міндеттерінің бірі маршруттық пойыздарды қалыптастыруға арналған станцияларды анықтау және элеваторлардың тиеу қуаттылықтарының есебімен тиеу станцияларына вагондардың берілуін реттеу болып табылады. Маршруттық пойыздар кемежайлардың астықты қабылдауға арналған дайындығына байланысты бағыттар бойынша қалыптастырылады (астықты қабылдау үшін РФ, ТМД мемлекеттерінің және Балтық елдерінің кемежайларына кемелердің келуі есебімен вагондарды қабылдау кестесін келістіру бойынша көмектесу). Бұл жұмыс жүк жөнелтушілерімен, мемлекеттік органдармен және элеваторлардың иелерімен ортақ жүргізілетінін айта аламын. Қазіргі уақытта астық толып жатқан элеваторлардан вагондап және топтық партияларымен тиеліп жатыр. Біздің міндетіміз — негізгі станциялар басындағы астық құрамдарын қалыптастыру.

— Тасымалдауды үнемдеу тұрғысынан қарағанда, жүк тасымалдаушыларына маршруттық құрамдарды пайдалану қаншалықты тиімді болады?

— Маршруттық құрамдарды қолданатын жүк жөнелтушілері үшін тарифтік жеңілдіктер ұсынылатын болады. Бұл ұсталымдардың төмендеуіне шарттас. Бұл олар үшін материалдық тұрғыдан қарағанда, тиімді болады. Алайда, басқа жақтан алып қарасақ, маршруттық тасымалдаулардың кестесін ұйымдастыру жүк жөнелтушілерін қоса алғанда, аталмыш процесстің барлық қатысушыларынан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Олар вагондардың уақытылы тиелуін және ілеспелі құжаттардың дайындығын қамтамасыз етуі тиіс. Бұнымен қатар, вагондарды шоғырландыру және астық тасымалдауларының тарификациясын анықтау үшін вагондарды бөлуге арналған сұранымдарды ұсыну қажет.

Сұхбатымыздың соңында БК жұмысының ҚТТ жұмысынан айырмашылықтарын және біздің перспективаларымызды көрсететін кестені ұсынғым келеді. Бұған қоса, барлық жүк жөнелтушілерін диалогқа шақырамын. Біздің анықтама телефондарымыз: 8 (7172) 248–577, 8 (7172) 248–575.

Инфрақұрылымның жағдайы «Нақтысы»«Қалай болатыны»Түсіндіру

Жеткізілімдердің технологиясы

Вагондап, топтық

50-65 вагон бойынша
маршруттық пойыздар

Жүйедегі астықтың тасымалдауларына арналған
пойыздарды қалыптастыру пункттерінің саны, б.

100-ден астам

10-20

Вагондардың айналымы, тәу.

12-18 (қашықтыққа байланысты)

9-12 (қашықтыққа байланысты)

Маршрутизация үшін жеңілдіктер

жоқ

жақын болашақта

Қозғалыстың тұрақтылығы

тұрақсыз жеткізілімдер

жоспарлы кесте
жөніндегі жөнелтулер

Клиенттерге жүктер партияларын
жеткізу мерзімдерінің кепілдері
ұсынылады

Сергей Букатов

«КазахЗерно.kz» газеті, 16 қазан