Түсімді Астық Транс жеткізеді. Қазақстан мен Ресей теміржолшылары зерновоздар парктерін біріктіруде

24.09.2013

Қазақстан мен Ресей теміржолшылары зерновоздар парктерін біріктіруде. Ортақ вагондарды «Қазтеміртранс» АҚ және «Русагротранс» ЖАҚ жанынан құрылған «Астық Транс» АҚ бірлескен кәсіпорны басқаратын болды.

Тапшылық тасымалдаулар үшін зиян

— Күш-жігерді біріктіру қажеттілігі жайында көршілес темір жолдар осыдан бес жыл бұрын сөз қозғаған болатын, — дейді «Астық Транс» АҚ Президенті Ермек Садиров. — Сол жылы түсімнің үлкен қорын Ресей-де, Қазақстан да жинады. Сол себепті-де, нарықтың көптеген қатысушылары мамандандырылған вагондардың (зерновоздардың) ғана емес, сонымен қатар жабық вагондардың да үлкен жетіспеушілігін артығымен сезініп үлгерді.

Түсімді алу науқанындағы жылжымалы құрамның тапшылығы шаруагерлер үшін қайғымен бірдей. Астықты екпес бұрын, олар үлкен шығындарға батады: несиені қарастырып, комбайндерді жалға алады, минералдық тыңайтқыштарды сатып алып, астық піскенге дейін, егіннің жауларымен күреседі. Вагондардың жетіспеушілігі бір бөлек.

— Зерновоздарды ортақ басқару арқасында пайдалану осы мәселелерімізді шешуге септігін тигізуі тиіс. Біріккен кәсіпорынның клиенттері үшін вагондар иесіздендірілетін болады, яғни вагондарды тиеу үшін бір ғана нақты меншік иесін күтудің қажеті жоқ. Бұл ретте, вагондар барлық тұтынушылар арасында тең бөлінетін болады, — дейді БК жетекшісі.

Астықты тиеу көлемінің артуы кезінде жылжымалы құрам жетіспеушілігін алдын алу мақсатында бірлескен кәсіпорын Украина немесе Өзбекстанның теміржол әкімшіліктерінен басқа да меншік иелерінің вагондарын тартуды жоспарлап отырса керек. Мақта отанында басты назар мақтада болғандықтан, елде пайдаланылмайтын зерновоздарға сүйенуге болады. Түсім науқанына келетін болсақ, күншуақты Өзбекстанда ол Қазақстанның солтүстік облыстарында орақ жаңа ғана басталатын уақытта аяқталуға жақындайды.

Қайтсе-де, «маршрутпен» жөнелту тиімдірек

Зерновоздардың жыл сайын қайталанып отырған жетіспеушілігі ұлттық тасымалдаушыны басқа теміржол әкімшіліктерінің вагондық көмегіне жүгінуге мәжбүр етіп келді.

Негізінен ресейлік зерновоздар жұмылдырылды. Жеке сұранымдар бойынша нақты көлемде және алдын ала келісілген станция басына келген вагондар көбінесе толық көлемде пайдаланбай келді. Сұранымдардың бұндай технологиясы вагондардың тұрып қалуы мен айыппұлдар төлемінің қажеттілігіне әкеп соқтырды. Бұл, ең бірінші кезекте, жүк жөнелтушілері үшін ыңғайсыз болды. Өз кезегінде, айналымның төмендеуі мен жылжымалы құрамды тиімсіз пайдалану салдарынан вагондардың меншік иелері-де шығынға батты.

Астық тасымалдауларының тиімділігін арттыруға қызығатын жаңа бірлескен кәсіпорынның тұжырымдамасына сәйкес, вагон даналап түсіру технологиясының орнына маршруттық пойыздарды жөнелту жөніндегі логистикалық кестелер құрастырылатын болады. Бұл нені білдіреді?

Бұл, мысалға, жүктері әртүрлі пойыздардың құрамына біріктірілетін технология бойынша астық тиелген төрт вагонның орнына, белгіленген бір маршрут бойынша жөнелтілетін бірыңғай «астық" пойыздары ғана құрастырылады деген сөз. Бұл үшін жол бөлімшелерінде жақын жатқан барлық элеваторлардан жиналатын вагондардың басын біріктіретін маршруттық пойызды құрастыру станциясы іріктелмек. Бұл ретте, тиеу шаралары қабылдау кемежайлары мен станцияларының дайындығынан кейін жүзеге асырылатын болады. Астықты бұндай жөнелтудің бағасы да вагон даналап немесе топтық жөнелтулермен салыстырғанда, әлдеқайда арзанырақ болатын түрі бар.

Осыған ұқсас маршруттық пойыздар үшін түрлі мемлекеттердің аумақтарынан өту кезінде тарифтің бірыңғай көлемін қарастыратын «толассыз мөлшерлемелер» қолданылатынын да айта кету керек. Бұл жағдайда толассыз мөлшерлемелер Қазақстан мен Ресей аумақтарына таратылатын болмақ. Бұған қоса, салыстырмалы шығынды төмендету арқасында бірлескен кәсіпорын нақты бағыттарда жүк жөнелтушілеріне шегерімдерді ұсына алатын болады. Мысал келтіретін болсақ, пойыздар Сарыағаштан емес, жаңа Болашақ станциясы арқылы өтетіндіктен, жүктерді Иранға дейін жеткізу құны бірсыпыра төмендейтін болмақ. Бұған Қазақстан — Түрікменстан желісі үшін қарастырылған төмендету коэффициентін қолдану өз септігін тигізеді.

— Маршруттық пойыздарды жөнелткенде, біз вагондардың бос жүрісінің көрсеткіштерін төмендетуінен-де ұтамыз. Украина Орта Азияға қант жеткізетін болса, қайтарда босаған украиналық зерновоздарға астық тиелетін болады. Бұл үшін біз әр вагонды көршілес елдердің диспетчерлік аппараттарымен тығыз байланыста жете қадағалайтын боламыз, — дейді Ермек Садиров. — Әрине, вагондардың айналымын тездету жолында тасымалдау процессінің әр қатысушысы бұған өз үлесін қосуы тиіс.

Бірге тезірек

Астық Транс алдына элеваторлардың тиеу қуаттылықтары есебімен оларға вагондарды жоспарлы беру, кемежайлардың дайындығын тексеру, кемелердің келу кестелерін келістіру сияқты міндеттер қойылып отыр. Кедендік мағлұмдау мен фитосанитариялық бақылау жөніндегі ілеспелі құжаттарды тәулік бойы ресімдеуді қамтамасыз етуге қатысты сұрақты мемлекеттік органдармен және элеватор иелерімен өтеу-де бірлескен кәсіпорынның міндетіне кіреді. Келісімге сәйкес, Астық Транс астықты өткізудің жаңа нарықтарын іздеуге-де болыспақ.

«Русагротранс» ЖАҚ міндеттері-де жоқ емес. Олар: кемежайлар мен станцияларға келетін зерновоздарды шикі қантпен, күнжарамен, минералдық тыңайтқыштармен және басқа да өнімдермен қайта тиеу, Ресейдің кемежайларында вагондарды тез өткізуге және тәртіпті қайтарылымына көмектесу, Ресейдің, ТМД мемлекеттерінің және Балтық елдерінің аумақтары бойынша жүктер транзиті кезіндегі экспедиторлық қызметтер.

Русагротранс тұлғасында Қазақстан темір жолдары тиімді серіктесті тапқанын атап өткен жөн. Өйткені, ішкі аумақтық сұрақтарды жедел түрде реттеу ресейлік компанияның қолынан ғана келеді.

Ирина Бекетова,
«Қазақстан теміржолшысы», № 106 (1722) 2013 жылдың 24 қыркүйегінен