Бірыңғай саясат пен ортақ әрекеттер. Астанада ТКОК Комиссиясының 56-ншы отырысы аяқталды

16.09.2013

Астанада Ынтымақтастыққа мүше елдердің теміржол әкімшіліктері жанындағы вагон шаруашылығы өкілетті мамандарының теміржол көлігі жөніндегі кеңес Комиссиясының 56-ншы отырысы болып өтті.

Отырыс жұмысына Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Грузия, Латвия, Литва, Эстония елдері теміржол әкімшіліктерінің ТКОК Комиссиясының мүшелері, теміржол көлігі жөніндегі Кеңес Дирекциясының және Ынтымақтастыққа мүше елдердің ғылыми-зеттеу ұйымдары мен өндірістік кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ атынан алғашқы сөз алған «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның пайдалану жұмысы жөніндегі басқарушы директоры Бауыржан Орынбасаров Қазақстанның теміржол көлігі бүгінгі күні дамудың үлкен қарқынын көрсетіп отырғанын атап өтті. Компанияның стратегиясын жүзеге асыру аясында еңбек өнімділігі мен өндірістік процесстердің тиімділігін арттыруға бағытталған кешенді жетілдіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Компанияның басқарушы директорының сөзіне қарағанда, 2008–2012жж. аралығында жылжымалы құрамның айтарлықтай бөлігі жаңартылып, 500-ден астам жүк және жолаушылар локомотивтері, 31 мыңнан жүк және 500 жолаушылар вагоны сатып алынған. Үш мыңнан астам шақырымға төселген теміржолдың күрделі жөндеу жұмыстары мен үлгілендіру шаралары орын алған.

— Осы сияқты барлық шаралар негізгі қорлар тозуының көпжылғы трендін жеңіп шығуға мүмкіндік берді. Бүгінгі күні ҚР вагон шаруашылығының тозуы 44%-ды құрап, әлемдік-деңгейден әлдеқайда төмен болып отыр.

Бұнымен қатар, жаңа теміржол тораптарының құрылыстары жүргізіліп жатыр. Солай, өткен жылдың 22 желтоқсаны күні ҚХР-мен осымен екінші «Алтынкөл — Хоргос» шекара теміржол өткелі ашылған болатын. 2013 жылдың 11 мамырында Қазақстан мен Түрікменстан арасында шекара өткелі бой көтерді. ҚТЖ Қазақстанның орталық және батыс аймақтарын біріктіруге мүмкіндік беретін 1200 шақырымға тең теміржол торабының құрылысын жүзеге асырып жатыр.

Компания General Electric, Alstom, Siemens, Talgo сияқты теміржол техникасының жетекші әлемдік өнідірушілерімен белсенді қызметтестік жүргізіп жатқанын тілге тиек еткен ҚТЖ басқарушы директоры теміржол машина жасау саласының жетістіктері жайлы әңгімеледі. Солай, отандық кәсіпорындармен 100 магистралдық тепловоздың, 50 электровоздың, 4200 жүк және 150 жолаушылар вагондарының жыл сайынғы шығарылымы игерілген. Жалпы алғанда, 2015 жылға қарай ҚТЖ 2008 жылмен салыстырғанда, машина жасау өнімінің көлемін 30 есеге дейін арттыруды көздеп отыр екен.

Кездесу қатысушылары сала дамуына қатысты өзекті сұрақтарды да кең талқылауға салды. Б. Орынбасаров атап өткендей, теміржол көлігіндегі пойыздарды пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрағымен байланысты мәселелер әлі-де болса шешімін таппай отырғанын жеткізді. Бұны санақ мәліметтері да растайды. Солай, теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңестің мәліметтері бойынша, 2013 жылдың басынан бері Ынтымақтастық жолдарының жүйелерінде жүк вагондары арбаларының бүйір рамалары сынуының 43 жағдайы орын алған. Жалпы 2006 және 2012 жылдар аралығында Ынтымақтастыққа мүше мемлекеттер теміржолдарының жүйесінде бүйір рамаларының сынуы мен үзілуінің 182 жағдайы тіркелген. Құйма бөліктер сынуының талдауы пайдалану мерзімдері екіден беске дейінгі жыл аралығындағы бөлшектер сынуға ұшырағыш екенін көрсетті. Осыған байланысты, ҚТЖ пайдалану жұмысы жөніндегі басқарушы директоры вагон шаруашылығындағы техникалық саясатты жүргізуші мамандарға аталмыш сауалды жете қарастыру, сонымен қатар ТКОК комиссиясының кезекті отырысына дейін вагон құймасының сапасына қойылатын талаптарды күшейту және инновациялық арбаларға ауысу кеңесін берді.

«Қазтеміртранс» АҚ-ның Вице-президенті Қайраткен Нығыметов, Ынтымақтастық елдерімен 1520 мм жолының бар кеңістігінде пайдаланатын өнім сапасының тұрақты бақылауын қамтамасыз ету, сонымен бірге инфрақұрылым иелерінің, өнімнің дайындаушылары мен жеткізушілерінің, жылжымалы құрам меншік иелерінің кепілді жауапкершіліктерінің қағидаттары мен қауіпсіздіктің негізгі нормаларын жетілдіру жөніндегі ортақ әрекеттердің Бірыңғай жоспары жасалып, қабылданғанын атап өтті. Мысалға, егер дайындаушы зауыттың тарапынан екі, ақау жіберілетін болса, үшінші жағдайда бұндай вагондарды пайдалану тоқтатылады. Осыған ұқсас жағдайға Кременчуг болат құю зауыты ұшырады. Дегенмен, сапасыз өнімге сұранысты күшейту бүгінгі күннің көкейкесті сұрақтарының бірі болып қала беруде.

— Соңғы шешім қабылдау үшін, аталмыш сұрақты жете зерттеп, ғылым өкілдерін тартатын жұмыс комиссиясы құрылып жатыр, — деді «Қазтеміртранс» АҚ-ның Вице-президенті.

Отырыс барысында басқа да өзекті сұрақтар көтерілген болатын. Бүгінгі таңда теміржолда локомотив паркі белсенді түрде жаңартылуда. Жол шаруашылығында инновациялық материалдар мен жолдың жоғарғы құрылысын бекіту түрлері енгізіліп жатыр. Бұл ретте вагон шаруашылығына жүк вагондарының жаңа құрылыстарын, олардың тораптарын, материалдарын және технологияларын енгізуді жандандыру қажеті бар. ҚТЖ басқарушы директоры вагон шаруашылығының мамандарына кепілдік мерзімі мен жүрісі үлкен жүк вагондарын және арбаларды жаңарту жөніндегі жаңа шешімдерді қабылдау тілегін білдірді.

Қорытындылай келе, үш күннің ішінде ТМД және Балтық мемлекеттерінің теміржолшылары ТКОК 55-ші отырысының шешімдерін орындау, вагон жасау, жүк вагондарының жөндеу жұмыстары мен техникалық қызмет көрсетуді жүргізу бойынша нормативтік құжаттарды келістіру сияқты кездесудің күн тәртібіне қойылған 60-тан астам сұрақты қарастырып өтті.

ТКОК 56-ншы отырысының қорытындылары бойынша, хаттамаға қол қойылды.

Роза АМАНОВА
«Казахстанская правда», № 274 (27548) 2013 жылғы 14 қыркүйек