ТМД теміржол әкімшіліктері жанындағы вагон шаруашылығының өкілетті мамандарының т/ж көлігі жөніндегі Кеңес Комиссиясы 56-шы отырысының қорытындылары бойынша хаттамаға қол қойылды

14.09.2013

«Біз дұрыс шешім қабылдадық — бұндай пікірді Ынтымақтастыққа мүше елдер жанындағы теміржол әкімшіліктері вагон шаруашылығының өкілетті мамандарының теміржол көлігі жөніндегі Кеңес Комиссиясы (ТКОК) 56-шы отырысының қорытындылары бойынша Кеңес Дирекциясы Төрағасының орынбасары Василий Зеленков білдірді.

— Сұрақтар көлемі жыл сайын артып келеді. Сол себепті-де, жылына екі емес, үш отырыс өткізудің қажеті бар. Бұл бір жақтан тозған парктің диагностикасы мен үлгілендіру, ал басқа жақтан — оны жаңарту сұрақтарымен байланысты. Екі күн ішінде түрлі-деңгейдегі көптеген пікірталастар мен даулар болды. Алайда, ең бастысы — біз ойланылған әрі дұрыс шешім қабылдадық. Бөлек сұрақтар бойынша бірқатар адамдар «ерекше пікірлерін» білдірді, яғни олар бөлек пункттермен келіспеді. Жалпы, жұмыс қорытындылары менің көңілімнен шықты, — деді өз сөзінде Василий Зеленков тілшілерге берген сұхбатында.

Бұндай пікірге отырыстың басқа да қатысушылары келіп отырса керек.

ҚТЖ магистральдік жүйе Дирекциясының вагон шаруашылығы департаментінің директоры Сырбай Қадырсизов атап өткендей, қазақстандық вагоншылар үшін ҚТЖ иеленген Қытай өндірісі вагондарының Қазақстан аумағы ғана емес, сонымен қатар мемлекетаралық қатынастағы бағыты сияқты бірқатар сұрақтарды қарастыру маңызды болды.

— Вагондар үшінші тараптан сатып алынуына байланысты, бізге сертификаттаудан өту қажет. Сертификаттау шаралары Украинада өткізіледі. Аталмыш процедура жылдың аяғына дейін аяқталатынына үмітіміз бар, — деді кездесу қорытындылары бойынша Сырбай Қадырсизов.

Кеңес Комиссиясының Төрағасы — «Ресей темір жолдары» ААҚ филиалы — инфрақұрылымның Орталық Дирекциясының вагон шаруашылығы Басқармасының бастығы Сергей Гончаровтың айтуына қарағанда, бұл сұрақты Қазақстан өткен отырыста та көтерген болатын. Дегенмен, ТМД кеңістігінде пайдалану үшін кез келген вагон нақты процедурадан өтуі міндет.

— Сертификаттау жасалғаннан кейін, қатынас үшін ешқандай тосқауылдар қойылмайды, — деді Гончаров мырза.

Ортақ күш-жігердің арқасында

Біздің теміржолшыларымызбен қозғалған басқа сұрақ бүйір рамаларының сынықтарына қатысты болды. ҚТЖ басқарма директоры Бауыржан Орынбасаров атап өткендей, теміржол көлігі жөніндегі Орталық Кеңестің мәліметтері бойынша, 2013 жылдың басынан Ынтымақтастық жолдарының жүйесінде жүк вагондары арбаларының бүйір рамалары сынуының 43 жағдайы жіберілсе керек. Соның ішіндегі алты жағдай апат ретінде бағаланған.

— Жалпы 2006 және 2012 жылдар аралығында Ынтымақтастыққа мүше мемлекеттер теміржолдарының жүйесінде бүйір рамаларының сынуы мен үзілуінің 182 жағдайы тіркелген. Құйма бөліктер сынуының талдауы пайдалану мерзімдері екіден беске дейінгі жыл аралығындағы бөлшектер сынуға ұшырағыш екенін көрсетті. Бұнда екі проблема бар: біріншісі — қайтадан дайындалатын құйма сапасын арттыру, екіншісі — сапасыз құймамен бірге жүрген жүк вагондарының мыңдаған бірлігінің қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету, — деді басқарма директоры.

Оның мәлімдеуінше, осыған байланысты құйма бөлшектері сенімділігінің сапасын арттыруға, сонымен қатар сапасыз құймасы бар жүк вагондарында алдын алу шараларын жүргізуге бағытталған бірқатар сұрақтар сәтті шешімін тапты. Орталық Кеңес отырысында комиссиямен жүк вагондарының тораптары мен бөлшектерінің сапасын арттыру жөніндегі тасымалдау процессіне барлық қатысушыларының ортақ әрекеттерінің бірыңғай жоспары әзірленіп бекітілді.

— Бүйір рамасының кез келген сынығы мен үзілуі үлкен зардаптарға әкеледі. Кез келген теміржолда орын алып жататын бұндай жағдайларға жынымыз ашиды. Сол себепті-де, вагон құймасының сапасына қатысты жасаушы зауыттарға қойылатын талаптарды күшейту жөніндегі ұсыныстарды бүгін қарастырып, келесі отырысқа дейін әзірлеуді сұраймыз, — дейді Бауыржан Орынбасаров.

— Бұл проблема құйма технологиясының бұзылуымен байланысты екенін білеміз, — дейді Василий Зеленков. — Алайда, зауыттар бұнымен келіспейді. Күшейтілген бүйір рамаларының өндірісі оның сапасын арттыруға септігін тигізеді. Болашақта жаңа үлгідегі арбаларды пайдалану бұл проблемадан айрылу мүмкіндігін береді деп санаймын. Бұл өндіріс Уралвагонзауытта, Тихвинде және басқа да кәсіпорындарда жөнге салынып отыр.

Украинаның теміржол көлігі Мемлекеттік әкімшілігі жанындағы вагон шаруашылығы Басқармасының бастығы Александр Кутишенко атап өткендей, бүйір рамаларының сынығына қатысты сұрақты шығарылған өнім көлемі мен бракталған өнім санының арақатынасы тұрғысынан қарастыру қажет.

— Егер өндірілген бір мың бірлікке бір бөлшек бракталатын болса, онда тәуекелдің пайызы түсінікті. Ал бір бөлшекке бір, ақау болса, әңгіме басқаша өрбитін болады. Біздің тарапымыздан құймаға арналған бірыңғай техникалық шешімдерді жасау ұсынысы жасалған болатын. Сонда әр әкімшілік немесе мемлекет олар бойынша жұмыс жүргізіп, өндірушілер осы талаптарды мойындайтын болады, — деді Александр Кутишенко.

Талқылаудан кейін сарапшылар бұл тақырып бойынша бөлек мемлекетаралық кеңес жұмысын өткізу шешіміне келді. Аталмыш кеңес үстіміздегі жылдың соңында немесе келесі жылдың бас кезінде өткізіледі деп жоспарланды.

— Бізге ТМД барлық елдері аумағындағы ортақ әрекеттерге арналған шешімдерді қабылдау қажет. Мәнісіне келетін болсақ, бұл жұмыс вагон құймасын жасау және өндірушілер жауапкершілігінің сапасын арттыруға бағытталып отыр. Бұл істелмегенше, қалған барлық шаралар себептерді емес, тек зардаптарды ғана жоюға бағытталатын болады, — дейді Сергей Гончаров.

Басқаларға үлгі боларлық қазақстандық даму

Сарапшылардың атап өтуінше, бүгінгі күні Қазақстанның теміржол көлігі дамудың жоғарғы қарқынын көрсетіп отыр. Бұл вагон шаруашылығына да қатысты. Солай, бүгінгі таңда Қазақстанда жүк вагондарының 4000 астам бірлігін шығару игерілген. Жылдың аяғына дейін ірі вагон құймасы өнеркәсіптік өндірісінің 6,5 мыңға дейінгі жинақтамасы, сонымен қатар толықсырғанайтын теміржол доңғалақтарының 72 мыңға жуық бірлігі шығарылатын болмақ. 2015 жылға қарай ҚТЖ 2008 жылмен салыстырғанда, машина жасау өнімінің көлемін 30 есеге дейін арттыруды көздеп отыр.

Елімізде жүргізілген жаңарту шаралары вагон шаруашылығы бойынша тозу-деңгейін 44%-ға дейін төмендету мүмкіндігін берді. Бұл жүк паркінің құрамы бойынша әлемдік-деңгейден төмен болып отырса керек.

— Соңғы бес жылдың ішінде Қазақстан алға үлкен қадам жасады. Ел жақсы дамыған индустриялық мемлекетке айналуда. Вагон шаруашылығы бөлігінде, бүгін жүзеге асырылатын шаралар жеткілікті болып, озат елдермен бір-деңгейде орналасып отыр, — дейді Сергей Гончаров.

— Қазақстандық жөндеушілер мен вагон жасаушылары соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктерге өте қуаныштымын. Вагоншылар ғана емес, сонымен қатар локомотив мамандары да. Кеше ғана сіздердің зауыттарыңызды көріп қайттық. Шыны керек, таң қалдық. Грузия елінде-де бұл жұмыс басталып, электровоз жасау зауыты жұмыс істейтінін айта аламын. Қазір жаңа электровоздарды шығарумен айналысып жатырмыз. Вагондар құрылысы да жоқ емес. Қазақстанның вагон шаруашылығын жағымды жақтан бағалаймын. Бойлары соңғы төрт-ақ жылдың ішінде көтерілген кәсіпорындар вагон, локомотив шаруашылығы, оқыту жүйесі алға жылжып келе жатқанын көрсетіп отыр, — деп бөлісті өз пікірімен «Грузия темір жолдары» АҚ жүк тасымалдаулары жөніндегі филиал директорының орынбасары Давид Гелашвили.

Оның әріптесі, Александр Кутишенко, «Қазақстанның машина жасау саласындағы барлық бастамалары ел ішінде ғана емес, сонымен қатар одан тыс қатынауға да құқылы» деп атап өтті.

Отырыстың қорытындылары бойынша, мамандар хаттамаға қол қойып, қабылданатын техникалық шешімдер Ынтықмақтастық жанындағы теміржол әкімшіліктері ортақ жұмыстарының негізі болуына орай, комиссиямен ауқымды жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

Әсел ЕЛУБАЕВА
«Қазақстан теміржолшысы», № 102 (1718) 2013 жылғы 14 қыркүйектен