«Қазтеміртранс» АҚ командасы Astana Marathon 2019 аясында қырық екі және оң шақырым қашықтықты жеңіп шықты

09.09.2019

Масштабты астаналық марафонға 27 елден бес мыңнан астам адам қатысты.

Жексенбілік таңда кәсіпқойлар мен жүгіріс әуесқойлары Astana Marathon стартына шықты. «Қазтеміртранс» АҚ 9 қатысушы ұсынды: Ернияз Заманбек, Руслан Нурьяров, Аманат Искаков, Адлет Бакытулы, Эльнар Джуматаев, Ерсин Хасенов, Максим Цой, Серикжан Жаданов, Жарлыкпай Аблайхан.

"Биыл екі дистанция болды: 42 километр 195 метр және он километр. Мен "ондықты" жүгірдім және өзімнің жеке рекордымды жақсарттым. Тас жолы ыңғайлы, ал ауа райы тамаша!" - деп бөлісті Руслан Нурьяров. Ерниязда бұл үшінші "ондық".

Аманат Искаков алғашқы рет 42 километр қашықтықты жеңіп шықты. Astana Marathon-ға ол іс жүзінде жаз бойы дайындалған. Бағыт бойы оны моральды түрде біздің ең тәжірибелі жүйрігіміз Әділет Бақытұлы қолдап жүрді.

Astana Marathon-ға бастау берген қамқорлық жүгірістер 2009 жылдан бастап өтеді. Сол уақыттан бері жалпы 37 миллион теңгеден (97 мың доллар) астам қаражат түрлі қазақстандық қайырымдылық ұйымдарға тапсырылды.