Қазтеміртранс» АҚ "бір менеджер" режімінде жұмыс істей бастады

06.09.2019
«Қазтеміртранс» АҚ-да "менеджер-клиент-менеджер" принципі бойынша клиенттерге қызмет көрсету үдерісі реттелді.

– Енді өтінім шарттарын жасасуда және басқа да мәселелер бірден клиенттермен жұмыс бөліміне жолданады. Тасымалдау көлемі, жылжымалы құрамның түрі, қатынас түрі, қандай қызмет қажеттілігі және басқа параметрлері клиентпен ауызша талқыланған соң, әрі қарай сол клиентпен жұмыс үшін менеджер анықталады, - деп мәлімдеді "Қазтеміртранс" АҚ клиенттермен жұмыс департаментінің директоры Ляззат Жумашева. – Клиенттерді біз шарттардың қосымша талаптарын, сондай-ақ менеджерлердің жұмыс көлемін ескере отырып бөлеміз. Ай сайын олардың жүктемелерін бірдей бөлу үшін қаншама клиент жүргізетініне талдау жасаймыз. Тағы бір жаңа енгізілім - ол менеджердің науқас немесе демалыста болуына орай хабарлама тарату. Клиенттерге жолданған хабарламаларда екі нөмір белгіленеді, солар бойынша сол кезеңде олар барлық қажет сұрақтарына жауап алады.

– Бұрындары қол астында анықтама болмағанда, клиенттер сол немесе басқа сұрақтарға жауап беретін құзыреті жоқ департаменттерге қоңырау шалатын, кейін түсініспеушілік туындайтын. Бұнымен қатар қызметкерлерді олардың тікелей міндеттерінен алаңдататын. Қазір бұндай оқиғалар жоқ, - дейді Ляззат Жумашева. – Барлық жаңашаға тәрізді бұл үдеріс те жетілдіріледі, анықталған кемшіліктер жойылады, бірақ "бір терезе" принципі өзін танытты. Айтарлықтай, өзгерістер типтік шарттарға да әсерін тигізді. Оны тармақтарға бөліп, әрқайсысына бекітілген бұйрыққа сәйкес жауапты құрылымдар белгіленді.

– Егер клиент шарттың кез келген тармағын орындау бойынша наразылық білдірсе, ол қайтадан клиенттермен жұмыс менеджеріне барады, менеджер өз кезегінде жауапты департаментке, содан кейін клиентке толық жауап береді, - деп түсіндірді Ляззат Жумашева.