Озық IT-жүйелерін енгізу «Қазтеміртранс» АҚ өзгеріс стратегиясындағы маңызды позициясының бірі.

10.06.2019

Бүгінгі таңда компания қызметкерлері Microsoft компаниясының жаңа құралдарымен жұмыс істеу бойынша оқуға кірісті.

Оқыту жоспарында бірінші орында «Жоспарлаушы» лицензиялық қосымшасын игеру.

Оқыту жетекшісі белгілегендей, ал оны бүгін Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Серик Елеусизов өткізуде, - «Жоспарлаушыны» игеру – командалық жұмыс үшін лайықты. Ол күнделікті тапсырмаларды тіркеуге, орындалу барысын бақылауға мүмкіндік тудырады және компания қызметкерлерінің нәтижелілігін арттырады.

«Жоспарлаушы» қосымшасын енгізу арқылы командаға жеке жоспарларын өңдеу, тапсырмаларды жүйелеу және бөлу, күнделікті істі талқылау және мақсаттардың орындалуын қадағалау оңайға тиеді.

Ендірілетін құрал мобильді және ЖК бағдарламасының нұсқасына ие және деректерді синхрондауға үнемі қолдау мүмкіндігін тудырады.

Істердің жағдайын бағалау және қойылған мақсаттар командамен қалай орындалуын түсіну үшін жетекшіге диаграммаға бір көз қырын салу жеткілікті.

«Қазтеміртранс» АҚ IT-мамандары белгілегендей, компания қызметкерлерімен жаңа бағдарламаларды игеру тапсырмаларды және жұмыс жүктемесін басқару үшін толық жарамды шешім болады.   


5.jpeg 7.jpeg 8.jpeg 12.jpeg