«Қазтеміртранс» АҚ Бас директоры Даурен Бимов компания ұжымымен кездесті

06.06.2019

«Қазтеміртранс» АҚ бас кеңсесінің қызметкерлерімен бірінші жетекші компанияның даму стратегиясы жоспарымен, оның жаңа миссиясының көрінісімен, мақсаттарымен және міндеттерімен бөлісті.

«Қазтеміртранс» АҚ-да қазіргі уақытта жаңа миссия базасында «5К» жұмыс атауымен компанияның жаңа стартегиясы өңделуде: «Қазақстан Республикасының көлік саласы дамуына өз үлесін қосу арқылы қызметкерлер мен әріптестер/серіктестер командасының шығармашылық потенциалына негізделіп, клиентке бағытталу базасында біз теміржол вагондары операторының тиімді, озық компаниясын құрамыз».

Осы стратегияға жету аясында «Қазтеміртранс» АҚ 5 серпілісті жобаны бастама алды, олар «Самрук-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында мақұлданды және тиісті бастама бағдарламаларына кірді. Бұл компанияның кірісін көбейту, бизнес-процестерін автоматтандыру, нарық үлесін ұлғайту, вагондарды жөндеу бойынша сервистік келісімшарттар арқылы вагон паркінің техникалық жағдайын жақсарту. Нәтиже ретінде «Қазтеміртранс» АҚ озаттығы.

Осы жобаларды іске асыру «Қазтеміртранс» АҚ басқару үшін дербес KPI болап табылады. Жобалардан басқа компанияда тұрақты және үздіксіз үдеріс болатын үш іс-шара бастама алды.

Біріншісі – табыстың негізін қалаушы фактор ретінде корпоративтік мәдениетті арттыруға бағытталған. Екіншісі – операциялық маркетинг, нарықты талдау және бәсекелестік басымдылықты өндіру. Үшіншісі – қызмет көрсету стандарттарын өндіру және сақтау.

Компанияның құндылықтарын қалыптастыру барысында, оның стратегиялық құндылықтары ВАГОН сөзімен алмасатынын байқаймыз.

«Қызметтің басты назары – қамтамасыз ету КЕПІЛДІГІ, ОҢТАЙЛЫ логистикалық шешім және серіктестік өзара қарым-қатынас СЕНІМДІЛІГІ үшін клиенттердің алғысын белгілеу арқылы қызмет көрсету және бізге сеніп-тапсырылған жүкті жеткізу жылдамдығын арттыру арқылы біз клиенттердің УАҚЫТЫН үнемдейміз» .

«Біздің басты актив – ол адамдар деп санаймыз. Сондықтан, компания – ол біріншіден оның ұжымы.

Болжамды нәтижелерге барлық ұжыммен бірыңғай мақсаттарды бөлісу арқылы жетуге болады. Сол себепті барлығымыз келесі мақсаттардың шеңберінде бірігуді ұсынамын:

«Қазтеміртранс» АҚ саланың көшбасшысы болуға тиіс. Біздің екінші мақсат, біз барлығымыз «Қазтеміртранс» АҚ тиімді менджменті болуымыз керек, - деп белгіледі Д. Бимов кездесудің соңында.    


2 цен ктт.jpeg 3.jpeg 4.jpeg 5.jpeg