Жылжымалы құрамды жөндеу: сенімділікке ұтыс

30.05.2019

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі басқарушы директоры – қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шакеновтың төрағалығымен өткен конференцияда жүк вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

Іс-шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының басшылары, қазақстандық вагон жөндеу компанияларының, жылжымалы құрамға тораптар мен бөліктерді өндіру және жеткізу жөніндегі кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

М. Шакенов сөз сөйлегенде, поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері Компания үшін әрқашан басым екенін атап өтті.

«Тасымалдау үдерісінің қауіпсіздігіне әсер ететін басты факторлардың бірі вагондардың техникалық жағдайы, олардың тораптары мен бөліктерінің сенімділгі» - деп белгіледі М. Шакенов.

2018 жылы вагон кешені кәсіпорындарымен қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылығының 87 оқиғасы орын алған. Негізгі себеп вагон жөндеу кәсіпорындарының техникалық жабдықталу деңгейі жеткіліксіз, оларға жүк вагондары үшін сапасыз жинақтаушы және қосалқы бөлшектерді жеткізу болды.

Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері Ниязбек Жанабаевтың мәлімдеуінше, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да теміржол инфрақұрылымына ықтимал қауіпті жылжымлы құрамға жол бермеуге барлық шаралар қолдануда. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Компанияның ревизорлар аппарытымен 413 жүк вагондарын пайдалану тоқтатылды.

Конференцияда жүк вагондары паркінің ағымдағы жағдайы, жоспардан тыс жөндеуге жылжымалы құрамды ағытуды төмендету бойынша өткізіліп жатқан жұмыс, жөндеу бағдарламасы орындалуы туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ вагон шаруашылығы департаментінің директоры Елбек Тулеуленов баяндады.

Вагон паркінің ірі операторы ол «Қазтеміртранс» АҚ. Оның меншігінде 54 мыңға жуық жүк вагондары.

«Қазтеміртранс» АҚ Бас директордың м.а. Даурен Бимов өз кезегінде, сервистік қызмет көрсетуге тапсыру арқылы вагон паркінің техникалық және коммерциялық жағдайын жақсарту жоспарын баяндады.

Д. Бимов белгілегендей, жөндеуді сервистік қызмет көрсетуге тапсыру идеясы «Қазтеміртранс» АҚ үшін бес тәуекелден тұрады:

- Бірінші, вагонның жөндеуде тұру уақытын асыру, ол белгіленген нормадан аспауға тиіс, мысалы үш тәуліктен. Вагон ұзақ тұрса – шартты жалдаудың әр күніне айыппұл төле.

- Екінші, жаппай ағыту, яғни сервистік компания есебінен жоспарлы жөндеудің кепілдік мерзімін сақтамау бойынша ағыту.

- Үшінші, вагондарды қосалқы бөлшектермен қамту бөлігінде, сервистік компанияның икемділігі мен мүмкіндіктері баршалық. «Қазтеміртранс» АҚ шығаруда жаңа вагонды әр ауыстырылған қосалқы бөлшекке толық құжат пакетімен алады.

-Төртінші, қосалқы бөлшектердің, сондай-ақ жөндеудің өзі де қымбаттау тәуекелі. Бұл тәуекел де сервистік компанияға толығымен жүктеледі.

- Бесінші, жоба табысты іске асқан жағдайда, «Қазтеміртранс» АҚ-да вагоншылардың үлкен штаты босатылады, тек бақылау қызметтері қалады.

«Осы сервистік қызмет көрсету тұжырымдамасында «Қазтеміртранс» АҚ тек қана ұтады. Әрине, сервистік компания үшін бұл жай болмас, бірақ орнына біз жоспарлы жөндеуге және ағымдағы ағытып жөндеуге өз бюджетімізді береміз», - деп белгіледі Д. Бимов.

Талқылау қорытындысы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі басқарушы директоры жылжымалы құрамды жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету қызметтерінің, теміржол өнімін өндірушілермен сенімді тораптар мен бөліктерді жеткізу, арбашалардың құйма бөліктерін бұзбай бақылау мониторингін жүргізу, вагон жөндеу кәсіпорындарымен жаңа технологияларды игеру сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше көңіл аударды.

«Пайдалану депо және вагон жөндеу кәсіпорындары қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру шараларын тұрақты негізде қолдану, жылжымалы құрамды жөндеу темір шеберлерін, вагон байқаушылары мен қабылдаушыларды жылжымлы құрамды күту нормаларынан маңызды ауытқуларды анықтағандары үшін ынталандыру және марапаттау әдістерін қолдану қажет», - деп белгіледі М. Шакенов.

Конференция аясында «дөңгелек үстелдер» өткізілді. Өткен іс-шаралар қатысушыларға білімдерімен және жұмыс тәжірибелерімен алмасуға, серіктестік байланысты кеңейтуге мүмкіндік тудырды.

IMG_4360.JPG IMG_4377.JPG

«Қазтеміртранс» АҚ баспасөз қызметі