«Қазтеміртранс» АҚ-да жүк жөнелтушілер үшін Call-орталық ашылды

22.02.2019

01.02. 2019 жылдан бастап вагон паркін тиімді пайдалану мақсатында жүк вагондарының және көліктік экспедиция операторы қызметтерін «KTZ - EXPRESS» АҚ-дан «Қазтеміртранс» АҚ-ға тапсыру жүргізілді. Жүк вагондарының операторы қызметтерін тапсыру жұмыстарының барысы туралы Бас директордың м.а. Түсіпбек Қойшығұл мәлімдеді.

- Белгілі болғандай, кәсіпорынның экономикасы жаңа, түбегейлі өзгерістерге байланысты сапалы басқа жағдайға ауысқан кезең – бұл күрделі үдеріс. Күрделілік тек мақсаттардың ауқымдылығымен ғана емес, сонымен қатар белгіленген кезеңде оларды орындау қажеттілігімен ескерілген,- дейді ол. - Жүк вагондарының және көліктік экспедиция операторы қызметтерін «KTZ-EXPRESS» АҚ-дан «Қазтеміртранс» АҚ-ға тапсыру бойынша қойылған мақсаттарды орындау үшін үлкен жұмыс атқарылды. Қысқа мерзімде, қаңтар айы ағымында, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығымен қызметтерді тапсыру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша бірнеше кеңестер өткізілді. Қазақстанның барлық өңірлерінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Жол бөлімшелері» филиалдарының және «Қазтеміртранс» АҚ өңірлік филиалдарының қызметкерлерімен әрекеттестіктің жаңа шарттарын жүк жөнелтушілерге хабардар ету және түсіндіру үшін кездесулер, селекторлық кеңестер өткізілді. «Қазтеміртранс» АҚ орталық аппаратында және филиалдарында барлық туындайтын мәселелерді шұғыл шешу бойынша басшылар санынан жұмыс топтары құрылды. «KTZ-EXPRESS» АҚ-дан ауысқан қызметкерлер санынан «Қазтеміртранс» АҚ қосымша штат саны 300 адамға жуық толықтырылды. «Қазтеміртранс» АҚ – «Вагон паркі дирекциясы» филиалы жұмысын жаңғыртты. Барлық «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің – тасымалдау үдерісі қатысушыларының жұмыстары қайта құрылып ретке келді.

21.02.2019 жылдың жағдайы бойынша вагон операторы қызметтерін ұсынуға және көліктік экспедиция қызметтерін көрсетуге екі мыңнан астам шарт жасалды. Тиеуге жүк вагондары мәлімделген тиеу жоспарына сәйкес беріледі.

- Теміржол көлігінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуде және осыншама қысқа мерзімде оператор қызметтерін тапсыру жағдайында тасымалдауда тұтынушыларды қанағаттандырудың мағызды рөлін жүк жөнелтушілермен шарт жасасу және жүк жөнелтушілердің жүк тиеуге вагондармен қамту бойынша өтінімдерін қарастыру процестерін автоматтандыру фактісі атқарды. Республика ішілік қатынаста жүк тасымалдауға өтінімдерді қарастыру уақыты үш күннен бір күнге дейін қысқартылған.

Жүк жөнелтушілердің және барлық мүдделі тұлғалардың оператор және көліктік экспедиция қызметтерін көрсету мәселелері бойынша ауызша және жазбаша үндеулерін өңдеу үшін Call-орталық ашылды. Корпоративтік сайтта клиенттер-қызмет пайдаланушылар үшін қажет ақпарат орналастырылады және жаңартылады.

- Біздің мақсат – клиенттерге бағытталған сапалы қызметтерді көрсету, - деп белгіледі Түсіпбек Қойшығұл.

«Қазтеміртранс» АҚ баспасөз қызметі