2018 жылдың қорытындысы жасалды және 2019 жылдың мақсаттары анықталды

11.02.2019

2019 жылғы ақпан айының басында Астана қаласында 2018 жылдың қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысы және 2019 жылға мақсаттарды анықтау бойынша «Қазтеміртранс» АҚ өңірлік филиалдарының директорларын тыңдау бойынша кеңес өтті

Бас директордың м.а. (Басқарма Төрағасы) Т.Қ. Қойшығұлдың төрағалығымен өткен кеңсете 2018 жылы вагондарды жөндеу және жұмыс паркін ұлғайту өндірістік бағдарламасы орындалуын қамтамасыз ету бойынша қойылған мақсаттар 100% орындалғаны белгіленді. Республикамыздың вагон жөндеу кәсіпорындарымен «Қазтеміртранс» АҚ меншігіндегі жүк вагондарын жөндеудің жоспарлы түрлері жасасқан шарттарға сәйкес толық көлемде орындалған.

2018 жылдың қорытындысы бойынша ҚР вагон жөндеу кәсіпорындары бойынша жүк вагондарды жөндеу сапасы коэффициентінің орташа көрсеткіші 0,035 бірлікті құрады және 2017 жылмен салыстырғанда 0,007-ге жақсартылған. Егер 2017 жылы 100 вагонға жөндеуге 4,2 вагон ағытылса, онда 2018 жылы – 3,5 вагон.

Өңірлік филиалдармен өткізілген вагон паркі түгелдігі бойынша іс-шаралар қорытындысы бойынша «Қазтеміртранс» АҚ вагондарының бұзылу оқиғалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 10%-ға қысқартылды.

- Жүк вагондары мен көліктік экспедиция операторының қызметтерін «KTZ Express» АҚ-дан «Қазтеміртранс» АҚ-ға тапсыру үдерісі аясында 2019 жылға компания қызметінің басым мақсаттары «Қазтеміртранс» АҚ және жалпы «ҚТЖ» ҰК» АҚ вагон паркін тиімді пайдалану және кірісті арттыру болып табылады, - деп белгіледі Бас директордың міндетін атқарушы Түсіпбек Қойшығұл өңірлік филиал директорларына үндеуінде.

Белгіленген мақсаттарға жету үшін бірінші кезекте келесі міндеттерді орындау қажет:

- «Қазтеміртранс» АҚ өңірлік филиалдарының «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелері - тасымалдау үдерісі қатысушыларымен үйлесімді өзара әрекеттестікті ұйымдастыру;

- клиентке бағытталған сапалы қызметтерді көрсету;

- вагон паркінің вагондарын оңтайлы пайдалану;

- автоматтандырылған жүйелерді қолдану;

- жұмыс емес паркінің вагондар санын төмендету;

- жүк вагондарын жөндеу сапасын арттыру.


«Қазтеміртранс» АҚ баспасөз қызметі