2018 жылға «Қазтеміртранс» АҚ жүк вагондарын жөндеудің өндірістік бағдарламасы 100%-ға орындалды

17.01.2019

Жоспар бойынша 19 603 жүк вагондары, 19 621 вагон жөнделді, олардың ішінде күрделі жөндеумен - 3 390 бірлік, депо жөндеуімен – 16 231 бірлік жүк вагондары. «2018 жылдың ағымында жарамды доңғалақ жұптарына зәру тапшылық қалыптасқан жағдайға қарамастан, «Қазтеміртранс» АҚ қойылған жөндеудің жоспарлы түрлер көлемдерін уақытылы орындау және техникалық жарамды жылжымалы құраммен қамтамасыз ету мақсаттары орындалды» - деп белгіледі Бас директордың м.а. Түсіпбек Қойшығұл.

2019 жылы 21 мыңнан жоғары вагондарға, соның ішінде 11,8 мың жартылай вагондарға жоспарлы жөндеу және қызмет көрсету мерзімін ұзартумен 700 вагонға жуық жөндеу өткізу жоспарланған.

«Қазтеміртранс» АҚ баспасөз қызметі