"Қазтеміртранс" АҚ қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне орай наградалар тапсырылды.

14.12.2018
"Қазтеміртранс" АҚ қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне орай наградалар тапсырылды.
2018 жылғы 14 желтоқсанда "Қазтеміртранс" АҚ Бас директордың м.а. Қойшығұл Т.Қ. еңбек ұжымын Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күнімен құттықтады.
Ұлттық мерекеге орай адал еңбек және теміржол саласы дамуына маңызды үлес қосқаны үшін компанияның 35 қызметкерлеріне келесі наградалар тапсырылды:

- "Адал еңбегі үшін" кеуде белгісі - 1 адам;
- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрмет грамотасы - 1 адам;
- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Алғыс хаты - 1 адам;
- "ҚТЖ" ҰК" АҚ Президентінің Құрмет грамотасы - 1 адам;
- "ҚТЖ" ҰК" АҚ Президентінің Алғыс хаты - 2 адам;
- "Қазтеміртранс" АҚ Бас директордың м.а. Құрмет грамотасы -15 адам;
- "Қазтеміртранс" АҚ Бас директордың м.а. Алғыс хаты - 14 адам.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне арналған "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының орталық аппараты, филиалдары және еншілес ұйымдарының қызметкерлері арасында өткен Спартакиада аясында бильярд бойынша турнирде 1 орын үшін "Қазтеміртранс" АҚ 2 қызметкеріне медальдар мен дипломдар тапсырылды.

"Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіптік одағы" қоғамдық бірлестігі атынан Казпрофтранс орталық кеңесі төрағасының орынбасары Ж.А. Сабитов "Қазтеміртранс" АҚ қызметкерлерін мерекемен құттықтап кәсіподақ қозғалысына адалдығы және кәсіподақ өміріне белсенді қатысқаны үшін 5 кәсіподақ мүшелеріне Орталық кеңесінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын тапсырды, "Қазтеміртранс" АҚ кәсіподақ комитеті осы кәсіподақ мүшелерін ақша сертификаттарымен және санаторлық-курорттық емдеу сертификаттарымен марапаттады.

DFSDFFS.jpg DFSFDFFDS.jpg

DFSFSDFDSFS.jpg DSFSDFSD.jpg

"Қазтеміртранс" АҚ баспасөз қызметі.