«Қазтеміртранс» АҚ 2017 жылы 9 айдың ішінде 10,5 мыңнан астам жартылай вагондарды жөндеді

13.10.2017 2017 жылы 9 айдың ішінде ҚР вагон паркінің ірі иесі - «Қазтеміртранс» АҚ жоспарланған жөндеу түрлері бойынша 10,5 мыңнан астам жартылай вагон жөнделді. Бұл 2016 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 4,8 мың жартылай вагондарға көбірек.

Сонымен қатар деполық ремонттан 8,8 мың жартылай вагон жөндеуден, ал 1,7 мың жартылай вагон күрделі жөндеуден өтті.

Егер 2017 жылдың сәуіріне жартылай вагондардың жұмысқа жарамсыз паркі 5,9 мың бірлікті құраса, ал қыркүйектің аяғында 2,6 мыңды құрады.

« «ҚТЖ»ҰК» АҚ басқармасының тапсырмасына сәйкес, жылыту маусымына орай ең көп жартылай вагондарды жұмысқа енгізу үшін, 2017 жылдың сәуірінен қыркүйекке шейін, көмір тасу үшін қатты қажет 23,7 мыңнан 27,1мыңға шейін жартылай вагондардың жұмыс паркін көбейту үшін біз көп еңбек еттік» -деп атап өтті «Қазтеміртранс» АҚ-ның Президенті Саурбаев Қайрат. Сонымен қатар, 9,6 мың жартылай вагондар жоспарында, 9 айдың ішінде 900 жартылай вагондар жоспардан тыс жөнделген»-деді

Жылдың аяғына дейін жартылай вагондар жарамсыз паркін 1000 бірлікке дейін азайтуға әкелетін, 1 700 бірлікке дейін жартылай вагондарды ай сайын жоспарлы жөндеу түрлерімен жөндеу жоспарланып отыр. 

Жоспарланған мақсаттарға қол жеткізген кезде, компанияда жөндеудің сапасына ерекше талаптар қойылады.

Жүк вагодарын уақтылы ұйымдастырылуы және сапалы жөнделуі техникалық жарамды құраммен тасымалдауды қамтамасыз етеді.


«Қазтеміртранс» АҚ-ның баспасөз қызметі