Қаржы-экономикалық және өндірістік қызмет

Сұрақ:

14.01.2013 г.

Сәлеметсіз бе! Республикалық және транзиттік жүк тасымалдаулары мөлшерлемелерінің өзгергені жайында қалай біліп отыруға болады? Кез-келген бағыттағы тариф өзгергенде, біз бұл туралы хабарсыз болып жатамыз. Бұндай өзгерістерге қатысты уақытылы ескертулерді қалай алып отыруға болатынын айта кетіңізші.

Анастасия

Жауап:

Анастасия!

Сұрағыңызға рақмет!

Тарифтердің өзгеруіне қатысты барлық ақпарат «Қазтеміртранс» АҚ web-сайтының «Оператор қызметтерінің тарифтері» тарауында орналастырылады. Барлық өзгерістер жайлы қосымша ретінде Компания клиенттерді «Хабарламалар» тарауына, ақпарат орналастыру арқылы хабарлап отырады.

Қосымша, ақпарат алу үшін біздің менеджерлерімізге, «Менеджермен байланыс» тарауына хабарласуыңызға болады.

Құрметпен, «Қазтеміртранс» АҚ баспасөз қызметі