Жүк вагондардын жалға беру

Жүк вагондардын жалға беру

Сұрақ:

09.12.2012 ж.

Құрметті компания басшылығы! Сіздерге СҚО ірі элеваторлық-диірмен кешені «Тимирязев ұн тарту комбинаты» ЖШС директоры, сонымен қатар еншілес фирмалар «КЭСС» ЖШС және «Қайнат» ЖШС басшылығы атынан хабарласып отырмын.

Сіздердің тарапыңыздан тұрақты байланыстың жоқтығына назар аударуларыңызды сұраймыз! Бұл кәсіпорындардың жұмысын дұрыс жүргізу үшін кедергі болып отыр. Бүгінгі күні біз 10 жабық вагонға сұраным жасадық. Біз вагондармен қамтамасыз етілмей жатырмыз. Ертеңгі күні осы 10 вагоннан басқа, тағы 20 вагон қажет болады.

Жоғарыдағы жағдай негізінде, осы мәселеге назар аударып, сәйкес шараларды қолдануыңызды сұраймыз!

Гасымова Таисия

Жауап:

Құрметті Таисия!

Сіздің мәлімдемеңіз бойынша «Қазтеміртранс» АҚ филиалы — «Вагондар операторы қызметтері Орталығының» қатысты еңбеккерлерімен және НПФ-1 филиалымен жете талдау жүргізілгенін хабарлаймыз. Бұл жағдайды шешуге және осыған ұқсас жағдайларды болашақта болдырмау жолында шаралар қабылданды. Желтоқсан айында Сіз атап өткен кәсіпорындар вагондардың жоспарланған көлемін уақытылы тиеп шықты. Аталмыш сұрақ тұрақты бақылау үстінде.

Құрметпен, Р.Айғайбеков
«Вагондар операторы қызметтерінің Орталығы» филиалының директоры


Сұрақ:

05.11.2012 ж.

Қайырлы күн!

Ақсеңгер станциясында орналасқан біздің мекенжайымызға Ж-Семей станциясынан ҚТТ меншігіндегі жабық вагондар келеді. Бос вагондар қайтарымы жайлы жеделхат алынған болса, тиеуден кейінгі вагондар Ж-Семей станциясында ресімделеді. Алайда, вагондар МПС-пен шығып, жолда ҚТТ меншігіне ауысатын жағдайлар болып жатады. Бұндай вагондарға жеделхаттар болмайды. Кіріс жолдарында тұрып қалатын вагондар жүк алушылары мен станциялар үшін ыңғайсыздық туғызуына байланысты, әрекеттер тәртібін түсіндіріп өтуіңізді сұраймыз.

Құрметпен, Найманов Е.К.

Жауап:

Құрметті Найманов Е.К.

2012 жылдың 28 тамызынан ЦУДД Б.Орынбасаровпен қол қойылған № 150А телеграфтық нұсқауына сәйкес, «Қазтеміртранс» АҚ пайдалануына тапсыру үшін ИВЖЦА тіркеуін күтіп тұрған жабық вагондарды пайдалануға рұқсат етілген.

Жүкті түсіруден кейін бұндай вагондар «Қазтеміртранс» АҚ аймақтық филиалдары – НПФ тапсырылуы тиіс.

Қиындық пайда болған жағдайда, филиалдың орналасқан жері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз. Барлық филиалдардың байланыс телефондары компаниямыздың www.kazcargo.kz web-сайтындағы «Қазақстан бойынша аймақтық филиалдар» тарауында орналастырылған.

Астанадағы байланыс телефондарымыз: +7 (7172) 930–213,930–237, 930–350

Құрметпен, Қанат Көбесов 
«Қазтеміртранс» АҚ филиалы — «Вагондар операторы қызметтері Орталығының» директоры


Сұрақ:

29.10.2012 ж.

Қайырлы күн!

Сіздің компанияңыздың еншісінде жылжымалы құрамның қай түрі бар екенін айта кетіңізші? Вагондарды техникалық рейстерге ұсынасыз ба? Ұсынатын болсаңыз, ақысын қай валютада жүзеге асыруға болады?

Волкова Ольга Валерьевна

Жауап:

Құрметті Ольга Валерьевна!

«Қазтеміртранс» АҚ-ның жеке паркі түрлі вагондармен ұсынылған (жартылай вагондар, жабық вагондар, астық пен цемент тасымалдайтын вагондар, цистерналар және т.б.).

Қазіргі таңда компания пайдалануында жүк вагондарының 17 мыңнан астам бірлігі болса, 2012 жылдың аяғына дейін жекешелендіру жағдайында ҚТЖ инвентарлық паркін «Қазтеміртранс» АҚ-на ауыстыру іс-шараларының жоспарына сәйкес, ҚТТ-қа тағы да шамамен 14 мың вагон берілетін болады.

Техникалық рейстің жүзеге асырылуы үшін вагондарды пайдалану шартын, жасау қажет болады. Астана қаласындағы байланыс телефонымыз: 930–430, 930–429, тарифтерді есептеу бойынша 930–438, 930–457, 930–449, вагондарды жіберу сұрақтарына қатысты 930–455, 930–442,930–445, 930–456, 930–420.

Құрметпен, Қанат Көбесов
«Қазтеміртранс» АҚ филиалы — «Вагондар операторы қызметтері Орталығының» директоры


Сұрақ:

22.10.2012 ж.

Сәлеметсіз бе!

Сізге Қырғызстанның оңтүстігінен (Ош қ.) «ПОТЕНЦИАЛ» ААҚ (мақта өңдейтін зауыт) атынан ұсыныспен шығып отырмыз. Біз жыл сайын бір маусым ішінде Ресей мен үшінші елдерге талшықпен 100-150 жабық вагон тиейміз. Жуық арадан бері жабық вагондарының мәселесіне кезігуімізге орай, талшықтың көптеген вагондық партиялары тұрып қалып отыр. Сіздің компанияңыздан жіберілетін вагондарға тиеуді жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл тұста бізге көмектесе аласыз ба? Жабық вагондар бойынша келіссөздер процедурасы қалай өтпек? Келіссөзді кіммен жүргізуге болады?

Мурад Кадиров, «ПОТЕНЦИАЛ» ААҚ компаниясының бас экспедиторы.
+996 551055357 +996 777532705

Жауап:

Құрметті Мурад!

Сіздің ұсынысыз бізді қызықтырып, қызметтестікке дайын екендігімізді білдіреміз.

Бүгінгі таңда «Қазтеміртранс» АҚ (ҚТТ) ТМД аумағы бойынша жүк түсіруге ҚТТ вагондарын пайдалану бойынша шетелдік компанияларымен шарттарды жасауға кірісті.

Бізбен шарт жасау үшін Астанадағы төмендегідей байланыс телефондарымызға қоңырау шалуыңызға болады: 930–430, 930–429; тарифтерді есептеу бойынша: 930–438, 930–457, 930–449

Құрметпен, Қанат Көбесов
«Қазтеміртранс» АҚ филиалы — «Вагондар операторы қызметтері Орталығының» директоры


Кері байланыс