Руководство компании

2 фото.jpg
  

Ысқақов Еділ Болатұлы
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Президенті

Аль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «Физика» мамандығын және М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының «Инженер – экономист» мамандығын бітірген .

Еңбек жолын 1993 жылы Алматы қаласындағы ҚР Инженерлік академиясының кіші ғылыми қызметкерінен бастады,сонымен қатар Аль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқыды, экономика ғылымдарының кандидаты.   

1995 жылдан 1999 жылға дейін «Интеграция металл» ЖШС-нің және «Қазахойл – Коммерция» ЖШС-нің маркетинг департаментінің менеджері және «Ремпуть» ЕМК-ның директорының бірінші орынбасары, «Қазтрансмонтаж» ЖАҚ-ның қаржы мәселесі жөніндегі директоры болып жұмыс істеді.

2000 жылдың қаңтарынан қазанына дейін - «Казжелдорпроект» ААҚ-ның Президенті

2000 – 2001 жылдары - «Казахойлтранс» ЖШС «Көліктік – экспедиторлық компаниясының Бас директорының орынбасары
2001 – 2002 жылдары - «Казахойлтранс» ЖШС «Көліктік – экспедиторлық компаниясының көлік департаментінің директоры
2002 – 2009 жылдары - «Казтранссервис» АҚ-ның Президенті
2009 ж. - «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның маркетинг жөніндегі басқарушы директоры
2009 ж. - «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның жылжымалы құрам жөніндегі басқарушы директоры
2010 - 2011 жылдары - ҚТЖ»ҰК» АҚ Президентінің кеңесшісі
2011 – 2016 жылдары - «Кедентранссервис» АҚ-ның Президенті

2016 жылдың 14 қарашасынан «Қазтеміртранс» АҚ-ның Президенті болып тағайындалды.
2008 жылы Назарбаев Н.Ә. ҚР Президентінің жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Джумасилов Ерлан Сапарбаевич
Президенттің өндіріс жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы

Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдады. Қазақ қатынас жолдары университетін экономика және бизнес магистрі деңгейімен аяқтады.

Ол 1991 жылы өз мансабын Целинный темір жолында машинистің көмекшісі болып бастады. Содан соң еңбек күзетінде инжинер, «ҚТЖ» РМК Ақмола филиалының өндірістік-техникалық тасымалдау бөлімінің бастығы, «ҚТЖ» АҚ РМК КСО Астана Агенттігінің бастығы, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ маркетинг департаметніңің директоры болып жұмыс істеді.

2007 жылдан бастап, ол «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылық қызметтерін атқарды. «Қазтеміртранс» АҚ-на тағайындалғанға дейін «Кедентранссервис» АҚ-ның вице-президенті болып қызмет атқарды.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған. Құрметті Теміржолшы.


^8147027ECF5F90550162FBE7A5901490E00ED9F5B3905DBBB7^pimgpsh_fullsize_distr.jpg

Ақмұрзин Эрик Мерекеұлы     
Президенттің қаржы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы

«Физика» мамандығы бойынша Әл-Фараби ат. Қазақ Мемлекеттік Университетін және «МВА Корпоративтік басқару» мамандығы бойынша Халықаралық Бизнес Академиясын (ХБА) аяқтаған.

Өзінің еңбек жолын 1992 жылы ЭТФИ-да ғылыми қызметкер ретінде бастады. 1994-1997 жылдар аралығында Токио Технологиялық Институтында (Жапония) тәжірибеден өткен.

1998 және 2009 жылдар аралығында «Казахойл» ҰМК ЖАҚ-да және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да мұнай-газ саласының экономика және қаржы жүйесінде, сонымен қатар «Самұрық» АҚ және «Самұрық Қазына» ҰӘҚ АҚ ұлттық компанияларының бюджеттеу және инвестициялар жүйесінде қызмет атқарған.

2009-2013 жылдарда «Тау-Кен-Самұрық» АҚ қаржы, инвестициялар және тау-кен саласын корпоративтік басқару салаларында жетекшілік лауазымдарында болды.

Ағылшын және жапон тілдерінде еркін сөйлейді.

Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ 100 ТОП Бірыңғай кадрлық қорына енгізілген.

2013 жылдың қыркүйек айынан бері «Қазтеміртранс» АҚ экономика және қаржы жөніндегі Вице-президенті болып табылады.


Капизова Динара Ташметқызы 
Бас бухгалтердің міндетін атқарушы

2003 жылы "Бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірді.

2002 жылы «Казэлектросвязьмонтаж» ЖШС бас бухгалтер қызметінен бастады. Әр жылдары бухгалтер, бас бухгалтердің орынбасары, сонымен қатар «АБК-Құрлыс» ЖШС-нің, «Билд Инвестментс Групп» АҚ-ның, «Казахдорстрой» ЖШС-нің бас бухгалтері болып жұмыс істеді.

2011 жылдан 2017 жылдың ақпанына дейін «Кедентранссервис» АҚ-ның бас бухгалтер қызметін атқарды. 


0e9f0466705907b4f352fab94b4317d9.jpg