Әлеуметтік және кадрлық саясат

Кадр саясаты

«Қазтеміртранс» АҚ кадр саясаты – бұл кадр әлеуетін дамыту, мотивация жүйесі мен әлеуметтік қорғалуды жетілдіру, тиімді іс-әрекетке бағытталған кәсіби кадрларды тарту және ұстау, қызметтерді жоғары сапамен қамту, қажет өндірістік көрсеткіштерді орындау, нарықтың ауыспалы талаптарына сәйкес Компанияны дамыту арқылы персоналды басқару шараларының біртұтас жүйесі.

Негізгі принциптері:

  • персоналды басқару жүйесінің кешенділігі мен тұтастығы;
  • персоналды іріктеуде әділділік;
  • персоналды тиімді ынталандыру;
  • персоналдың кәсіби деңгейін қолдау;
  • қызметкерлер мен зейнеткерлерді әлеуметтік қолдауға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
  • корпоративтік мәдениет қағидаларын сақтау.

Негізгі бағыттары:

  • персоналды іріктеу және кадр резервін дамыту;
  • персоналдың сапалық және сандық құрамын талдау;
  • персоналды басқару жүйесін автоматтандыру;
  • персоналды дамыту (персоналды оқыту, дайындау және қайта даярлау, біліктілігін арттыру);
  • персоналды бағалау;
  • персоналды ынталандыру.

Әлеуметтік саясат

Адамдарға қамқор болу, олардың амандығы, әлеуметтік қолдау мәселелерін шешу және қызметкерлердің тұрмыс сапасын жақсарту Қоғам қызметінің басым бағытының бірі болып табылады.


Қоғамның қызметкерлері мен зейнеткерлерін әлеуметтік қолдау 2018-2020 жылдарға арналған «Қазтеміртранс» АҚ және еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық шарт негізінде келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында нормаларды сақтау;
  • қызметкерлерге, жұмыс істемейтін зейнеткерлерге, Қоғамдағы мүгедектерге, сонымен бірге Қоғам өндірісінде жазатайым оқиғалардан және кәсіби сырқаттан зардап шеккендерге материалдық қолдау және әлеуметтік кепілдеме ұсыну;
  • жастарға, қызметкерлердің отбасыларына бірнеше әлеуметтік кепілдеме, соның ішінде Қоғам қызметкерлері балаларының жазғы демалысы мен сауықтыруды қоса ұсыну;
  • денсаулық сақтау мәселелерін реттеу;
  • персоналдың жан-жақты кәсіби дамуына және оқуына әрекет жасау.

Жастар саясаты

Қоғамның кадр әлеуетін дамытудың негізгі элементі корпоративтік жастар саясатын жүйелік іске асыру. «Қазтеміртранс» АҚ жастар саясаты 2016-2021 жылдарға қабылданған «ҚТЖ» ҰК» АҚ жастар саясаты аясында жүзеге асырылады. Жастар саясаты кәсіби дағдыларды жақсартуға, корпоративтік рухты көтеруге, жастарды тарту жүйесін дамытуға, оның тиімді бейімделіп компанияда бекітілуіне, бірлескен мақсаттарды шешуде жастарды тартуға, халықаралық жастар ынтымақтастығын дамытуға, жастарды рухани-өнегелік, патриоттық тәрбиелеуге, сонымен бірге жастар арасында салауатты өмір салты және спорт құндылықтарын жылжытуға бағытталған бағдарламалар кешендерінен тұрады.

Жас мамандар кадр қызметінің жұмыскерлерімен бірлесіп Қоғамның қоғамдық-корпоративтік өмірінде, зейнеткерлер мен көп балалы отбасылар үшін қайырымдылық акцияларда белсенді қатысады.

2016-2021 жылдарға арналған «ҚТЖ» ҰК» АҚ жастар саясатын іске асыру аясында «Қазтеміртранс» АҚ жас қызметкерлері «ҚТЖ» ҰК» АҚ өткізетін корпоративтік шараларға, Республикалық жастар форумына, жастар лагерьлеріне және т.б. қатысады.