Біздің тарихымыз



2003 жыл Қазақстан Республикасының темір жол көлігін реформалау нәтижесінде «Қазжелдортранс» акционерлік қоғамы («Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-ның 100% еншілес компаниясы) құрылды.
2004 жыл «Қазтеміртранс» АҚ-ның аймақтық бөлімдерінің ашылуы (әрі қарай – Компания). Компания филиалдық желісінің орналасқан жері «ҚТЖ» ҰК» АҚ – бас компанияның дислокациясымен сәйкес келеді.
2005 жыл «Көліктік қызмет көрсету орталығының» құрылуы («Қазтеміртранс» АҚ-ның 100% еншілес компаниясы). КҚО-ның негізгі қызметі – республика және халықаралаық қатынас бойынша көлік-экспедиторлық қызмет көрсету, жекежәне жалға алынған вагондарды басқару, аралас жүк тасымалдауды ұйымдастыру.
2005 жыл «Қазтеміртранс» АҚ «Kazakhstan Temir Zholy Finance B.V.» компаниясының 99,64% үлесін сатып алуы
2006 жыл Халықаралық стандарттарға сәйкес сериясы ISO 9001:2000 Сапа менеджменті жүйесі бойынша (СМЖ) компанияны сертификаттау.
2007 жыл ТМД және Еуропа елдерінде халықаралық қызметінің кеңейтуімен байланысты, сондай-ақ, компанияны Қазақстандық бизнес пен шетелдік нарыққа сәйкестендіру үшін«Қазжелдортранс» акционерлік қоғамын«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы деген атауға өзгерту жайында шешім қабылданды.
2007 жыл Компанияның экологиялық менеджмент жүйесі және кәсіби қауіпсіздік жүйесі мен еңбек қорғау бойынша халықаралық ISO 14001 және OHSAS 18001 стандарттарына сәйкес сертификаттау.
2008 жыл «Қазтеміртранс» АҚ «ЗИКСТО» АҚ және «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Тараптар өзара тиімді ынтымақтастық және жаңа автомобильдер мен жүк вагондарын жөндеу үшін қосалқы бөлшектерді өндіру саласындағы әріптестік құру қағидаттарын келісті.
2009 жыл «Қазтеміртранс» АҚ мен «ЗИКСТО» АҚ арасында алғашқы Қазақстанда жасалған 167 жартылай вагон жеткізу жайында келісімшартқа қол қойылды.
2009 жыл Компанияның аймақтық бөлімдеріне халықаралаық стандартқа сәйкес ISO 9000 сапа менеджменті жүйесі, ISO 14001 Қоршаған ортаны басқару жүйелері және OHSAS 18001 Кәсіптік және еңбекті қорғау жүйесі сертификаттары берілді.
2010 жыл Еуропалық қайта құру және дамыту (ЕҚҚД) банкімен 250 млн. АҚШ долларына несие келісімшарты жасалды. Қаражат компанияның вагон паркін жаңартуға жұмсалды.
2010 жыл «KTZ Finance B.V.» 700 млн. АҚШ долларына облигацияларын шығарды. («Қазтеміртранс» АҚ-ның үлесі – 290 млн. АҚШ долларын құрады). Түскен табыс компанияның жылжымалы құрамын жаңартуға инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бағытталған.
2010 жыл IP-телефониясын ұйымдастыру және MPLS технологиясын пайдаланып корпоративтік деректер желісін кеңейту.
2011 жыл «Қазтеміртранс» АҚ еншілес компаниясы - Kazakhstan Temir Zholy Finance BV 450 млн АҚШ доллары соммасына еурооблигацияларды табысты өтеді.
2011 жыл «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-мен жалпы сомасы 60 млрд. теңгеге несиеге келісімге қол қойылды. Қаражат Компанияның жылжымалы құрамын жаңартуға жұмсалды.
2011 жыл Автоматтандыру жүйелерін басқару компаниясы бойынша жобаны пайдалануға қабылдау (АБЖ ҚТТ).
2012 жыл «ҚТЖ Finance B.V.» $ 800 млн. АҚШ долларына облигация шығарды, және жоғарыда көрсетілген облигацияларға қосымша 300 млн. АҚШ долларын шығаруды жүзеге асырды («Қазтеміртранс» АҚ-ның үлесі - 200 млн АҚШ долларын құрады).Түскен табыстар Компанияның жылжымалы құрамын жаңарту инвестициялық жобаларын іске асыру үшін бағытталды.
2013 жыл «ҚТЖ» ҰК» АҚ-нан «Қазтеміртранс» АҚ-ның басқармасына меншіктік құқығы ретінде вагондар паркінің мүліктіктерін өткізу іс-шарасын іске асыру.
2013 жыл «Қазтеміртранс» АҚ мен «Русагротранс» ЖАҚ қатысуымен қазақстандық-ресейлік бірлескен «Aстық Транс» АҚ кәсіпорынын тепе-тең негізде астық тасымалдау үшін құру. Компанияның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының динамикалық ауыл шаруашылығы секторын мамандандырылған жылжымалы құрамман қамтамасыз ету, логистикалық объектілер мен дәнді дақылдардың темір жол тасымалының технологиясын жетілдіру.
2013 жыл«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының 10-жылдығы.
2014 жыл Компания көліктік нарыққа қатысушылармен белсенді жұмыс жүргізеді: жүк жөнелтушілермен және экспедиторлық компаниялармен шарттар жасасу және ынтымақтастықты нығайту бойынша.
2014 жыл «Астық Транс» АҚ жарғылық капиталын толықтыру үшін «Қазтеміртранс» АҚ мен «Русагротранс» ЖАҚ-нан әр жағынан 1500 данадан, жалпы 3000 вагон берілді.
2014 жыл «ҚТЖ Finance B.V.» ның бастапқы эмитентін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға 2010 және 2012 жылдары 700 және 1100 млн. АҚШ долларына шығарылған еурооблигацияларды шығарылған еурооблигациялардың қаржы міндеттемелерін өтеу кезіндегі салық ауыртпалығын азайту мақсатында, сондай-ақ «KTZ Finance B.V.» төлейтін маржа үшін ауыстырылды.
2014 жыл «Қазтеміртранс» АҚ сатып алу-сату келісімшарты бойынша «Аймақтық форвардтық логистика» ООО-ның (АФЛ, Мәскеу қ.) 90% үлесін сатып алды.
Компанияның мақсаты – Ресей Федерациясының аумағында және көршілес елдерге «Қазтеміртранс» АҚ-на тиесілі жүк вагондарының қызметін үйлестіруді қамтамассыз ету, бос жүруді азайту, «Қазтеміртранс» АҚ-ның көлік қызметінің тиімділігін және табыстылығын арттыру.
2015 жыл Халықаралық куәландыратын орган IMQ (Instituto Italiano del Marchio di Qualita – итальяндық сапа белгісі институты) жүргізген сертификаттау аудитінің нәтижелері бойынша «Қазтеміртранс» АҚ-нахалықаралық стандарт энергия менеджменті жүйесіне сай деген ISO 50001:2011 сертификаты берілді.

2016 жыл ««Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ-ның Даму комитеті «Қазтранссервис» АҚ мен «Қазтеміртранс» АҚ-ның филиалы «Вагондар операторы қызметі дирекциясының» атқаратын қызметтері мен жұмысшылар штатын «KTZ Express» АҚ-на өткізіп, «KTZ Express» АҚ-ның филиалы «KTZE Operator»-ды құру арқылы «KTZ Express» АҚ-нда «ҚТЖ»ҰК» АҚ компаниялар тобының қызметін сату бойынша Біріңғай орталықты құру тұжырымдамасын мақұлдады.
2016 жыл «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның Даму комитеті «KTZ Express» АҚ-на негізгі міндеттері мен жұмысшылар штаттарын, сонымен бірге «Қазтеміртранс» АҚ-ның «Вагон паркі дирекциясы» филиалына көмекші штаттар бөлігі мен міндеттерінін берілуімен «Қазтеміртранс» АҚ-ның «Вагондар операторы қызметі дирекциясы» филиалының жабылуын мақұлдады.
2016 жыл 2016 жылдың 1тамызынан бастап «KTZ Express» АҚ «Қазтеміртранс» АҚ-на тиесілі вагондар операторы қызметін сатуды жүзеге асыра бастады.
2016 жыл «Қазтеміртранс» АҚ «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Ұлы дала елі» Қазақстан тауар өндірушілерінің II форумында «Сенімді серіктес 2016» байқауының «Отандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді келісім-шарттар» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Компания, ірі сомалы ұзақ мерзімді келісім-шарттармен, отандық тауар өндірушілерді қолдайтын үздік тапсырыс беруші болып табылды.
2016 жыл 2015 жылдың 30 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2016-2020 жылдардағы жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» № 1141 қаулысына сәйкес «Қазтеміртранс» АҚ еншілес ұйым «Көліктік қызмет көрсету орталығы» АҚ-ның 100% пакет акциясы сатылды.
2017 жыл 2015 жылдың 30 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2016-2020 жылдардағы жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» № 1141 қаулысына сәйкес «Қазтеміртранс» АҚ еншілес ұйым «Астык Транс» АҚ-ның 50% пакет акциясы сатылды.
2017 жыл 2015 жылдың 30 желтоқсанынан «2016-2020 жылдарға жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1141 қаулысын орындау үшін, «Региональная форвардная логистика" ЖШС-ның жарғылық капиталындағы «Қазтеміртранс» АҚ-ның 90% қатысу үлесі жүзеге асырылды.