«Қазтеміртранс» АҚ


«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы («ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның 100% еншілес компаниясы)- Қазақстан Республикасының жүк вагон паркінің ірі операторы.

 

«Қазтеміртранс» АҚ-ның жеке меншік вагондар паркі 54 000-нан астамды құрайды. Олар жабық вагондар, платформалар, жартылай вагондар, цистерналар, астық тасымалдаушы, цемент тасмалдаушы, фитингті платформалар.

 

Компанияның қызметі жүк вагондарын жалға беру сияқты; жүк вагондарын өндіру және жоспарлы жөндеу түрлерінен өткізу; сақтау, өңдеу және металл сынықтарын сату бағыттарын қамтиды.

 

 

«Қазтеміртранс» АҚ вагондарында  тасымалданатын тауарлардың негізгі үлесінің басым бөлігі сусымалы және құйма жүктер, олар, көмір, астық, мұнай және мұнай өнімдері, кен, минерал тыңайтқыштар болып табылады. 2016 жылы компанияның вагондарында теміржол тасуының нарықтық үлесі 42% -ды құрады.



«Қазтеміртранс» АҚ-ның жүк тасымалдау саласында бизнес серіктесі көліктік-логистика компаниялары, өндіруші зауыттар, өндіруші компаниялар, шағын және орта бизнесі болып табылады.


Компанияның миссиясы- Қазақстан Республикасы көлік секторының тұрақты дамуына нарықтың сапалы талабы арқылы жүк тасымалдауларын темір жолмен  қамтамасыз ету.

 

 

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Толық атауы

Қысқартылған

Мемлекеттік тілде

«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы

«ҚТТ» АҚ

Орыс тілінде

 

Акционерное общество «Қазтеміртранс»

АО «ҚТТ»

Ағылшын тілінде

 

Joint Stock Company «Kaztemirtrans»

JSC «КТТ»


 БІЗДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫМЫЗ:

• 
Қазақстан Республикасындағы ірі жүк вагондарының иесі

(54,563 бірліктер: жабылған, платформалар, жартылай вагондар, цистерналар, астық тасмалдаушылар, цемент тасымалдаушылар);

•  «Қазақстан вагон жасау компаниясының» жүк вагондарын өндіретін еншілес ұйым ;

•  Қазақстанның барлық ірі қалаларында өңірлік филиалдардың желісін дамыту




КЕЛЕШЕКТЕГІ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ:

  • Жүк вагондарының жалға беру қызметін кеңейту
  • Жылжымалы жүк құрамының паркін жаңарту
  • Корпоративті басқару жүйесін жетілдіру
  • Әлемдік стандарттар үлгісі мен қызмет көрсету сапасына сәйкестігі


ЕНШІЛЕС ЖӘНЕ ТӘУЕЛДІ ҰЙЫМДАР
 

Kazakhstan Temir Zholy Finance B.V

• компаниялардың топтарын қаржыландыру және осы мақсат үшін  облигацияларды шығару арқылы, банкті қаржыландыру арқылы немесе өзге де жолдармен ақшалай қарыз алу.

компания топтарының міндеттемелеріне міндеттеме алу

 


«Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС

   Қазақстан Республикасында жүк вагондарының өндірісін ұйымдастыру