«Қазтемiртранс» АҚ бас директоры Даурен Бимов «Digital Samruk» конференциясының пленарлық сессиясына қатысты

«Қазтемiртранс» АҚ бас директоры Даурен Бимов «Digital Samruk» конференциясының пленарлық сессиясына қатысты 23.12.2019

«Қазтемiртранс» АҚ бас директоры Даурен Бимов Қазақстан экономикасын цифрландыру тақырыбына арналған «Digital Samruk» конференциясының пленарлық сессиясына қатысты. Конференцияға 700-ден астам адам қатысты - соның ішінде ҚР Премьер-Министрі Аскар Мамин, «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы А. Есимов, цифрлық, инновациялық және аэроғарыштық өнеркәсіпті дамыту министрі А. Жумагалиев, ұлттық компаниялардың басшылары, сондай-ақ IT және телекоммуникация бизнесінің өкілдері қатысты.
Сіздердің назарларыңызға «Қазтемiртранс» АҚ бас директоры Д.Бимовтың "Технологиялар" панельдік сессиядағы сөз сөйлеген басты тезистерін ұсынамыз.

IT ШЕШІМДЕРІН ШҰҒЫЛ ЕНГІЗУ АРҚЫЛЫ ҮЗДІК ЖЕҢІСТЕРГЕ ЖЕТУ   

Компанияға келген бетте, біз бірінші айдан-ақ өз вагондарымызды 100% бақылауды ретке келтірдік. Өйткені, өз вагондарымыздың қозғалыс статусын білмей, өзіндік құнын бақылау және кіріске жету мүмкіндігі жоқ.

Бюджетті оңтайландыру, жеткізушілермен дұрыс келіссөз жүргізу және белгілі бизнес-проблемаларда жинастыру нәтижесінде біз IT сүйемелдеу шығындарын 2 есеге қысқарттық, алайда бұл ретте пайдаланудың мүмкіндіктері мен тиімділігін 10 есе аштық. Екінші айда барлық күшімізді бизнес-процестерді автоматтандыру арқылы менеджерлердің жұмыстарын жеңілдетуге бағыттадық. Жуырда біз өзіміздің автоматтандырылған өнімді тікелей қолданушылар, өз қызметкерлеріміздің арасында сұрастыру жүргіздік және 10-нан 8,5 деген баға алдық. Бұл дегеніміз, ендірілген автоматизациялар қатардағы менеджерлердің жұмыстарын жеңілдетіп, жылдамдықты және мәліметтерді өңдеу дұрыстығын арттырып және адами факторды болдырмай нақты жұмыс істейді. Үшінші айдың нәтижесі бойынша біз есептерді автоматтандырдық, енді олар біздің ТОП-менеджерлердің әр планшеттері мен смартфондарына қондырылған, бұның бәрі тегін Power BI IT технологиясы нәтижесінде. Есептер СТЖ және ҚТЖ АСУ ДКР ТЖ жүйелерімен үйлестірілген, одан жүйе бізге қажет ақпаратты алып шығады және бізбен берілген кестелерді тізбектейді. Осы мүмкіндіктің арқасында мен және менің барлық жауапты ТОП-менеджерлерім онлайн режимінде күнде өздерінің өзекті және өлшеу көрсеткіштерінің деңгейіне бақылау жасаймыз, бұл бізге жылдам әрекет етуге және дұрыс басқарушылық шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

ҰЗАҚМЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАР   

Біздің мақсат - саны 48000 вагоны бар өз паркімізді кәсіби операциялау. Ай сайын біз 130 000-нан астам вагон жөнелтуді іске асырамыз және 8 млн астам жүк тасымалдаймыз. Егер барлық осы үрдістерді автоматтандырмаса, онда жаңылысу да оңай, сондықтан IT шешімінсіз болмайды. Біз түгендеу паркі ғана емес, меншікті, соның ішінде жол-жөнекей паркілер қосылатын жаңа IT платформасымен озық операциялық компания болғымыз келеді.   

«ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖҮЙЕСІ» ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ   

2020 жылы"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарлама аясында "ҚТЖ" ҰК" АҚ бизнес трансформация бөлімінің қолдауымен біз "Жоспарлаудың электрондық жүйесі" жобасын іске асыруды жоспарлап отырмыз, бұл біздің жылжымалы құрам диспетчерлігін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Басқа сөзбен айтқанда, реттеуді диспетчерлер емес, дұрыс қойылған артықшылығымен оқытылған машина айналысады. Ол машина максималды оңтайлы логистикалық сұлбаны, бос жүрісті санайды, осылайша шығынды азайтып және кірісті арттырады, бұл ретте сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөліктерін болдырмай. Автоматтандыру нәтижелері бойынша бағыт кірістілігімен вагондарды беру кезектілігі, берілген өтінімдер кезектілігі және клиенттің ниет түзулігі қойылады. Кім «Қазтемiртранс» АҚ жүгінді, сол қазір тапшылық кезеңінде орындарда вагондарды бөлуде қиыншылық бар екенін сөзсіз біледі. Біз адами факторларды ықшамдағымыз келеді және машинаға осы қызметті атқаруды, кем дегенде ұсыныстарды құруды үйретеміз. Бұл жоба әлі ешқайда әлемде толық көлемде жүзеге асырылмаған, бізде "ҚТЖ" ҰК" АҚ бизнес трансформация бөлімінің көмегімен барлығы ойдағыдай орындалады деп сенемін.   

АҚЫЛДЫ АУТСОРСИНГ   

Біздің бейінді қызметке кірмейтін вагон жөндеуді біз сервистік аутсорсингке бердік. Біздің вагондарымыздың үнемі бұзылуын көздейтін компанияны емес, керісінше, вагондар 24/7 істеп тұратынына қызығатын компанияны жалдаймыз, себебі сол кезде ғана олар төлем алады (Генри Фордтың принципі бойынша). Біз бұл стратегиялық маңызды қадамды өзіміздің басты қызметіміз - вагондарды операциялауда шоғырландыру үшін жасадық, бұл бізді өз саласында Чемпион аттандырады.   

ЖАҢА БУЫННЫҢ «ОПЕРАТОР КОМПАНИЯСЫ»   

Жеке операторлар өз жиынтықтарын бізге беретіндей етіп өз паркімізді операциялауға үйренуіміз керек. Жеке меншік иесіне қымбат кеңселерді және қызметкерлерді ұстаудың қажеті қаншалықты, егер олар өздерінің вагондарын «Қазтемiртранс» АҚ басқаруына беріп, көп және оңай табыс әкелсе? Біз сонымен айналысып жатырмыз. Қазір «Қазтемiртранс» АҚ өзінің және басқа тартылған парктерді табысты басқарады. 

DSC02514.jpg DSC02544.jpg