Бейілділік коэффициенті - жүк тиеуге көмек

16.09.2019
«Қазтеміртранс» АҚ-да Бейілділік коэффициенті бекітілді, соған сәйкес жүк жөнелтушілер арасында жабық вагондар бөлінетін болады.

Клиенттердің жабық вагондарға сұранысы жыл сайын астық жинау кезіңінде - қыркүйек-желтоқсан айларында артуда.
– Ұлттық оператор бола тұра, біз тұрақты баға саясатын ұстанамыз, бұл кезде жекеменшік иелері сол кезеңде вагондарға бағаны көтере бастайды. Соның салдарынан жүк жөнелтушілер бізге келеді. Тұрақты клиенттеріміздің жүк тиеу үшін вагон алуға басым құқықтарын сақтап қалу үшін біз Бейілділік коэффициентін жасадық, - деп баяндады «Қазтеміртранс» АҚ клиенттермен жұмыс департаментінің директоры Ляззат Жумашева.

– «Қазтеміртранс» АҚ оператор қызметін ағымдағы жылдың ақпан айынан ұсынған сәттен бастап жүк тиеуге талдау жасағанда, біз компания паркімен жүк жөнелтушілердің түрлі категориялары пайдаланатынын аңғардық. Кейбіреулері маусымға қарамастан жыл бойы компанияның сенімді серіктесі болып қала береді. Бізбен сервистік келісім шарт жасасады. Басқалары меншік операторларға жүгініп, баламалы таңдау іздейді. Вагон жетіспей қалғанда, кейін «Қазтеміртранс» АҚ қайта келеді. Енді жабық вагондарға сұраныс көтеріңкі кезеңде артықшылық тұрақты клиенттерге берілетін болады. Компанияда бекітілген Бейілділік коэффициенті жүк жөнелтушілердің төрт санатына таратылады. Біріншісіне «Қазтеміртранс» АҚ-мен сервистік келісім шартқа қол қойған жүк жөнелтушілер жатады. Екінші санатқа - жалпы тасымалдау көлемінен ҚТТ вагондарын тиеу үшін 90 және одан астам пайызын ай сайын пайдаланатын жүк жөнелтушілер. Үшіншіге – айына 50 пайыздан астам вагон, ал төртінші санатқа - ҚТТ паркінің 50 пайыздан төмен вагондарын пайдаланатын жүк жөнелтушілер.

Ағымдағы жылдың қыркүйек-желтоқсан мерзімінде жабық вагондарды Қостанай, Сарыкөл, Көкшетау-1, Павлодар, Павлодар-Оңтүстік, Павлодар-Порт, Павлодар-Солтүстік, Шарбақты станцияларына бөлу барысында «Қазтеміртранс» АҚ өңірлік филиалдарының парк операторы мәселелері бойынша контрагенттермен өзара әрекеттесетін жұмыскерлері бекітілген коэффициентке сәйкес вагон беруді іске асыратын болады.

Сонымен, екінші санатты клиенттерді вагондармен қамту бірінші санатты клиенттер толық қамтамасыз етілген жағдайда басталады. Үшіншісі - бірінші мен екінші санатты клиенттер толық қамтамасыз етілген соң және тағы да солай. Бейілділік санаттары бірдей болғанда, басымдылық ерте түскен жүк жөнелтушінің өтініміне беріледі.