Еңбекті қорғауда – үздіктер

Еңбекті қорғауда – үздіктер 03.07.2019

«Қазтеміртранс» АҚ-да қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін жетекшілік етуші қызметкерлер арасында сайыс қорытындысы жасалды. Үздік нәтижелерді Компанияның Павлодар және Ақтөбе филиалдарының инженер-технологтары Арайлым Асаинова және Айжамал Разова көрсетті.

«Қазтеміртранс» АҚ барлық филиалдарының қатысушыларына еңбекті қорғау және қауіпсіздік техника бойынша ережелер мен нұсқауларды білу бойынша онлайн-тестілеуден өтуге, жұмыс орны, бөлмежайлардың, санитарлық-тұрмыстық жағдайлары туралы фото-бейне есептер, құжаттамалар мен журналдарды дайындауға тура келді. Зардап шеккендерге бірінші медициналық жәрдем көрсету және денсаулық сақтау саласының қызметкерін тартып медициналық тексеріс өткізу бойынша, сондай-ақ «Жазатайым оқиғаларды есепке алу және тергеу» тақырыбына семинар-кеңес және тәжірибелік оқу өткізу. Бұдан басқа, сайысқа қатысушылар еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік жарақат пен денсаулықтың кенеттен нашарлау оқиғаларын болдырмау бойынша өз ұсыныстарын, сондай-ақ өз филиалдарында «Мінездік сұхбат» өткізу туралы ақпараттарын ұсынды.

Сайыс комиссиясының құрамына «Қазтеміртранс» АҚ бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Қ. Сулименовтың төрағалығымен техникалық саясат, адам ресурстарын басқару және құжат айналымы департаменттерінің жетекшілері, еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік жөніндегі функционалдық бағыттың қызметкерлері, сондай-ақ «Қазтеміртранс» АҚ кәсіподақ комитетінің мүшелері кірді.

Барлық сайыс кезеңдерінің қорытындылары бойынша бірінші орынды «Қазтеміртранс» АҚ Павлодар филиалы өндірістік-техникалық бөлімінің инженер-технологы Арайлым Асаинова алды. Екінші орында ­– Компанияның Ақтөбе филиалы өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші инженер-технологы Айжамал Разова. Тамыз айында олар «Қазтеміртранс» АҚ республикалық деңгейде – «ҚТЖ» ҰК» АҚ сайысында ұсынады.

– Сайысты өткізгені үшін, өзімді танытуға және басқа өңірлерден әріптестеріммен тәжірибе алмасуға мүмкіндік тудырған біздің басшылыққа ризашылығымды білдіремін. Біздің филиалдың қызметкерлері сайыс бағдарламасы аясында өткен шараларға белсенді қатысты, олардың қызығушылық тудырған барлық сұрақтарына жауап алды және еңбекті қорғау және бірінші медициналық жәрдем көрсету бойынша білімдерін жинақтады. Өз жеңісіме қуаныштымын және «Қазтеміртранс» АҚ республикалық сайыста лайықты ұсынуға тырысамын, – деп жеңімпаз Арайлым Асаинова бөлісті.

Разова Айжамал КТТ (2).jpg