Мақсат анықталды, міндеттер қойылды

30.04.2019

«Қазтеміртранс» АҚ-да компанияның стратегиялық мақсаттарына жетуге бағытталған 2019 жылдың 1-ші тоқсаны бойынша әр құрылымдық бөлімше тиімділігінің қорытынды көрсеткіштерін талқылау бойынша аппараттық кеңес өтті.

Кеңесте сауалдарды талқылау жаңа үлгіде өтті: ұжым, бөлімшелердің өзара әрекеттесуі, компанияның стратегиялары мен жобаларын іске асыру барысы.

Ерекше назар корпоративтік мәдениет нормаларын енгізуге, қызметкерлер үшін жайлы жаңдайлар жасауға және жақсартуға аударылды.

Талқылаудың екінші маңызды аспектісі қойылған міндеттерді орындау барысында құрылымдық бөлімшелердің жұмыстарын жөнге келтіру және өзара әрекеттесу мәселелері болды.

Кеңес тәртібінде үшінші тармақпен «Қазтеміртранс» АҚ стратегиялары мен жобаларын іске асыру барысы белгіленді.

Кеңесте 2019 жылдың 1-ші тоқсаны бойынша тиімділіктің қорытынды көрсеткіштерін орындау бойынша компания басшылары және департамент өкілдері тыңдалды.

«Қазтеміртранс» АҚ Бас директордың м.а. Даурен Бимов өз үндеуінде компанияның стратегиялық мақсаты – оператор нарығында лидер болу үшін – клиентке бағытталған қызмет көрсету, компанияның табыстылығы мен кірісін қамтамасыз ету арқылы жетуге болатынын белгіледі. Ол үшін «Қазтеміртранс» АҚ келесі жобаларды енгізу қажет. Ол тәулігіне 1 вагонға кірісті ұлғайту, алдағы it-жүйелерді қолданып бизнес-процестерді автоматтандыру, вагон операторы нарығында «Қазтеміртранс» АҚ үлесін көбейту, сондай-ақ CSI – клиенттердің қанағаттанбаушылық индексі ретіндегі көрсеткішті қондырумен қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын енгізу.

Жоспарда вагондарды жөндеудің орындалуына мерзімі мен шығынын қысқарту, жөндеу сапасын арттыру арқылы вагон паркінің техникалық жағдайын жақсарту.

«Қазтеміртранс» АҚ баспасөз қызметі