«Қазтеміртранс» АҚ 2018 жылға арналған қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысы

08.04.2019

«Қазтеміртранс» АҚ Қазақстан Республикасы аумағында вагон паркінің ірі меншік иесі ретінде барлық нарық сараланымында – республика ішіндегі, транзиттік және экспорттық тасымалда жүк тасымалын вагондармен барынша қамтамасыз ету үшін оның дамуы бойынша негізгі қызметін іске асырады. Қазақстан Республикасының вагон паркі теміржол тасымалында мемлекеттің, заңды және жеке тұлғалардың қажеттілігін қамтамасыз ететін республиканың экономикалық жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады.

2018 жылы «Қазтеміртранс» АҚ компанияның қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етті. Негізгі қызметтен кірістер – жүк вагондарын мүліктік жалға ұсыну қызметтерін көрсету 109,3 млрд. теңгені, операциялық шығындар –50,4 млрд. теңгені құрады.

Операциялық кіріс 58,9 млрд. теңге мөлшерінде түсті, бұл 2017 жылдың ұқсас көрсеткішінен 38 млрд. теңгеге жоғары.

Салық, пайыз төлеу және амортизация (EBITDA) шығындарын шегергенде, кіріс 82,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 41,9 млрд. теңгеге жоғары. Алайда «Қазтеміртранс» АҚ таза кірісі 2018 жылдың қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда басқа шығындар ұлғаюына орай 23,3 млрд. теңгеге төмендеген.

Инвестициялық бюджет 17,1 млрд. тенгеге орындалды. Күрделі қаржы жұмсалымы жоспары аясында вагон паркі 2018 жылы 402 бірлік жартылай вагонмен жаңартылды, оның 228 жартылай вагондары лизингке алынды, 174 – отандық тауарөндірушілермен жасасқан шартқа сәйкес меншікті қаражат есебінен.

2018 жылға жүк вагондарын жөндеу өндірістік бағдарламасы 100%-ға орындалды.

Жоспар бойынша 19 603 жүк вагондары, 19 621 вагон жөнделді, оның ішінде күрделі жөндеумен - 3 390 бірлік, депо – 16 231 бірлік жүк вагондары. 2018 жылдың ағымында жарамды доңғалақ жұптарына зәру тапшылық туындаумен қолайсыз жағдайларға қарамастан, жөндеудің жоспарлы түрлері көлемдерін уақытылы орындау және техникалық жарамды жылжымалы құраммен қамтамасыз ету бойынша «Қазтеміртранс» АҚ қойылған мақсаттар орындалды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының вагонжөндеу кәсіпорындарымен жүк вагондарын жөндеу сапасы шамасының орташа көрсеткіші 0,035 бірлікті құрады және 2017 жылмен салыстырғанда 0,007 бірлікке жақсартылды. Егер 2017 жылы жөндеуге 100 вагонға 4,2 вагон ағытылған болса, 2018 жылы – 3,5 вагон.

Вагон паркі түгелдігі бойынша өңірлік филиалдармен өткізілетін шаралар нәтижесінде «Қазтеміртранс» АҚ вагондарының зақымдалу оқиғалары 2017 жылмен салыстырғанда 10%-ға қысқартылды.

Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жоспарының орындалуы 100% сомасы 30 млрд. астам теңгені құрады.

«Қазтеміртранс» АҚ өндірістік қажеттілігі үшін тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен қамту бойынша 2018 жылы компаниямен 600-ден астам шарт жасалды.

2018 жылы «Қазтеміртранс» АҚ «Жүк вагондарын жөндеу» сатып алу категориялық стратегия бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ Бизнес трансформация бағдарламасы аясында сатып алумен категориялық басқаруды енгізу жобасын іске асыруға қатысты.

Бір дереккөз тәсілімен жүк вагондарын депо және күрделі жөндеу жұмыстарын сатып алу толық көлемде жүзеге асырылды. 2018 жылдың қорытындысы негізінде белгіленген категориялық стратегия бойынша 23 шарт жасалды, ақшалай қаражатты үнемдеу жүк вагондарын жөндеуге шығындар бюджетімен қарастырылған сомадан 5% құрады.

«KTZ Express» АҚ-дан «Қазтеміртранс» АҚ-ға жүк вагондарының операторы және көліктік экспедиция қызметтерін тапсыру аясында 2019 жылға компания қызметінің басымдықты мақсаты - вагон паркін тиімді пайдалану және «Қазтеміртранс» АҚ мен жалпы «ҚТЖ» ҰК» АҚ кірісін арттыру.

Компанияның қаржы-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін клиентке бағытталған қызметтерді көрсету және клиенттермен өзара қатынасты басқару жүйесіне енгізу, сонымен бірге қызметтің барлық түрлерінің табыстылығы әрі қарай өсуіне жету үшін технологиялық және басқару процестерінің жетілуін қосып, белсенді жұмыстар жалғасын табады.

«Қазтеміртранс» АҚ баспасөз қызметі