Болат жолдың нәзік жандары

07.03.2019
XIX ғасырдың басында ғана әйелдер қауымы темір жол жұмысына жіберілмеді дегенге сену қиын. Темір жол пайда болған кезден-ақ ерлер айналысатын кәсіп болатын. Темір жолды ең бастан пайдаланған кезден бастап әйелдерді қабылдайтын жалғыз-ақ лауазым болатын - ол "өтпелік күзетшісі" - өтпе кезекшісі. Тек XIX ғасырдың екінші жартысында бірінші әйел - қызметші пайда болды, ол билет кассирі. 
Бүгінгі таңда темір жолдағы әйелдердің рөлін асырып бағалау қиындық туғызады. Олар теміржол саласының кез келген ортасында қызмет атқарады және әйелдер қауымы меңгерген мамандықтар да, қызметтік сатыда әйелдер алатын жоғары лауазымдар да ешкімді таң қалдырмайды. 

«Қазтеміртранс» АҚ-да 718 әйел адам еңбек етеді. Олар, жалпы барлық қызметкерлер санынан 46% жоғары. Басшылар мен мамандардың 42% нәзік жандылар. Олар – топ – менеджерлер, департамент директорлары, бас сарапшылар, бөлім бастықтары, менеджерлер мен филиалдардың мамандары. Өздерінің еңбек міндеттеріне адалдығымен және қойылған мақсаттардың орындалуына жеке жауапкершіліктің жоғары болуымен еліміздің теміржол көлігінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Жыл сайын олар мемлекеттік және салалық наградалармен белгіленеді. 2018 жыл аралығында "Құрметті теміржолшы" белгісімен - 1 адам, «Адал еңбегі үшін» белгісімен - 1 адам, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің алғыс хатымен -2 адам, "ҚТЖ" ҰК" АҚ Президентінің құрмет грамотасымен - 7 адам марапатталды.

8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында өткен сұрауға сәйкес "Қазтеміртранс" АҚ филиалдары мен орталық аппаратының әйелдері - үздік мамандар рейтингі жасалды. 
Базарбаева А.К., Ешмуханбетова К.С. – инженер – технологтар филиалда вагон жөндеуді қамтамасыз етеді, Шілікпаева Гүлжанат және Құрметті теміржолшы Закарина Дәметкен - вагон паркі түгелдігі жөніндегі жол инспекторлары жөнделген вагондардың сапасын бақылайды, Құдабаева Анаргүл мен Дүйсембаева Зауре – Маңғыстау және Ақмола филиалдарында вагон паркін операциялау агенттігі бастығы және орынбасары жүк вагондарының қажеттілігін қамтамасыз етеді және жүк жөнелту қызметін көрсету барысында сервисті жақсартуға үлес қосады, Жолдасова Гүлнәр мен Сайтқамалова Орынкүл – ауысым диспетчерлері вагондардың жүруіне және орын ауыстыруына тәуліктік шұғыл басшылық жасайды. Тәукелова Әсел – IT технология бойынша жоғары деңгейдегі маман, Рахматуллина Бақыт пен Түсіпова Айгүл – компанияның негізгі бағыттары - қаржы және логистика жөніндегі топ-менеджерлері және басқалар.

Олар отбасы ошағының ұйытқысы ғана емес, сондай-ақ дәстүрлі емес өмірлік стратегия өкілдері - өз мамандықтарымен және істерімен қанағат тұтқан нәзік жандар. Оларды кәсіби біліктілік, білімділік, өз пікірлерін қуаттау, байланысқа бейімділік, өзіне деген сенімділік және өз ісіне адалдық ажыратады.

«Қазтеміртранс» АҚ баспасөз қызметі