Оның еңбек өмірбаяны – темір жол тарихының бөлігі

Оның еңбек өмірбаяны – темір жол тарихының бөлігі 23.11.2018

2018 жылғы 23 қарашада «Қазтеміртранс» АҚ ұжымы Вагон паркі департаменті вагон паркі түгелдігін бақылау және рекламация функционалдық бағытының бас сарапшысы – Құрметті теміржолшы, көлік-коммуникациялық кешенінде экономика ғылымының кандидаты, теміржол көлігінде 43 жыл жұмыс өтілімен еңбек ардагері - Бақыт Әділханқызы Алдонгарованы құрметті демалысқа шығарып салды.

Оны осы ерекше оқиғасымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы атынан Бас инженер Б.К. Котырев құттықтап келді.

Ол, Бақыт Әділханқызы теміржол саласында жұмыс атқарған уақытта Қазақстан темір жолы үшін тағдыршешті уақиғаларға қатысуға тура келгенін атап өтті.

1993 жылдан бастап ол бұрынғы КСРО КҚМ жүк вагон паркін ТМД және Балтия елдерінің темір жолдары арасында бөлу процесіне тікелей қатысты, Вагондардың жүру ережесін өңдеу жұмыс тобында сарапшы болды және Халықаралық қатынаста жүк вагондарын пайдалану ережесінің ревизиясына қатысты. Тұрақты негізде 2017 жылға шейін теміржол саласын дамыту мәселелерін қарастыру бойынша ТМД және Балтия елдерінің теміржол көлігі жөніндегі Орталық Кеңесі жанында «ҚТЖ» ҰК» АҚ атынан жұмыс тобының мүшесі болды.

Жүк тасымалын іске асыруда теміржол әкімшіліктерінің серіктестігі мен өзара әрекеттесуін нығайту және дамытуда, халықаралық қатынаста теміржол көлігінің тиімді жұмысын қамтамасыз етуде қосқан маңызды үлесі үшін, теміржол әкімшіліктерімен қолданылатын нормативтік құжаттарды, техникалық құралдар мен технологияларды өңдеуде және енгізуде бастама алып нәтижелі болғаны үшін ол екі мәрте Орталық Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2008 жылы «Құрметті теміржолшы» және «Адал енбегі үшін» белгілерімен марапатталды, 2017 жылы «Болат жолдың даңқты еңбеккерлері» Құрмет кітабына енгізілді.

Б.Ә. Алдонгарованың еңбек өмірбаяны Алматы теміржол институтын аяқтаған соң Аягөз станциясының кезекшісінен басталды. Зейіні мен оқуға деген ынтасына байланысты Бақыт Алдонгарованың еңбек кітапшасы жаңа жазбалармен жылдам тола бастады: Алматы-1 станциясының кезекшісі, осы станция бастығының АБЖ жөніндегі орынбасары, жүк диспетчері, жүк түсіру инженері, жүк тиеу инженері, АБЖ жөніндегі бас маман, Алматы темір жолы басқармасы тасымалдау қызметі техникалық бөлім бастығының орынбасары. 1993 жылы Алматы темір жолы статистика қызметі бастығының орынбасары болып тағайындалды.

1997 жылы Алматы, Целиноград және Батыс-Қазақстан темір жолдары «Қазақстан темір жолы» РМК-ға біріккен соң Бақыт Алдонгарова Бас статистика басқармасы бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2004 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Қазтеміртранс» АҚ-да басқарма бастығы, Вагон паркі департаменті директорының орынбасары, «Вагон паркі орталығы» филиалы директорының орынбасары, Вагон паркі департаменті вагон паркі түгелдігін бақылау және рекламация жөніндегі бас сарапшы лауазымдарын атқарды.

Оның жоғары жұмыс қабілеттілігі, кәсіпқойлығы, өзіне және басқаларға талапшылдығы, қойылған мақсаттардың орындалуына жауапкершілік сезімі үшін әріптестері және компания басшылығы тарапынан әрқашан құрметке ие.

43 жыл бір кәсіпте болу оның өз ісіне берілгендігі мен махаббатын, Қазақстан темір жолының болашағына бей-жай еместігін білдіреді. Бақыт Әділханқызы Алдонгарованың еңбек өмірбаяныдай ғұмырнамалардан темір жолдың заманауи тарихы құрылады.

Бас директор К.Э. Сулименовтың бастауымен компания басшылығы және әріптестері Бақыт Әділханқызы Алдонгароваға көпжылдық және мінсіз еңбегі үшін жылы лебіздерін білдірді.

ffff.jpg fffffffff.jpg 

fffffffffff.jpg fffffffffffff.jpg

«Қазтеміртранс» АҚ баспасөз қызметі