2018 жылғы 8-9 қараша аралығында «Қазтеміртранс» АҚ-да компания филиалдарының кадр қызметі жұмыскерлері үшін оқыту семинары өткізілді

2018 жылғы 8-9 қараша аралығында «Қазтеміртранс» АҚ-да компания филиалдарының кадр қызметі жұмыскерлері үшін оқыту семинары өткізілді 12.11.2018 «Еңбек даулары: олардың пайда болу себептері. Келісім комиссиясында еңбек дауын шешу тәртібі» тақырыбына семинар Адам ресурстарын басқару және құжат айналымы департаментімен компания филиалдарының кадр қызметі жұмыскерлері және Келісім комиссиясы мүшелері үшін ұйымдастырылды. Семинар аясында сондай-ақ «Helios Soft» ЖШС өкілдерінің жұмыста «Фаворит» ақпараттық жүйесін қолдану бойынша жұмыс кездесуі өтті, соның барысында кездесуге қатысушылар пікір алмасты.

«Қазтеміртранс» АҚ баспасөз қызметі