2015 жылдан бастап осы уақытқа дейінжүк вагондарын сапасыз жөндеу үшін вагон жөндеу кәсіпорындарынан 330 млн. теңге денастамөндіріліп алынды.

2015 жылдан бастап осы уақытқа дейінжүк вагондарын сапасыз жөндеу үшін вагон жөндеу кәсіпорындарынан 330 млн. теңге денастамөндіріліп алынды. 17.10.2018

Белгіленген кезеңде технологиялық сипаттағы жарамсыздықтар бойынша жоспардан тыс ағымдағы жөндеуге Қазақстан және ТМД елдері аумақтарында «Қазтеміртранс» АҚ 11 мыңнан астам жүк вагондарықұрылған немесе жөндеудің жоспарлы түрлерінен өткен соң пайдаланудың кепілдік мерзіміне шыдамау ретінде ағытылды.

Вагондарды сапасыз жөндеуде кінәлі тарапқа қатысты наразылық жұмыс жүргізу үшін рекламациялық құжаттарды уақытылы ресімдеуді қамтамасыз ету бойынша жүйелі және үздіксіз жұмысты компанияда Вагон паркі департаментінің вагон паркі түгелдігін бақылау және рекламация функционалдық бағыты жүргізеді. Бас сарапшы БақытАлдонгарованың мәлімдеуінше, ағытылудың әрбір оқиғасы бойынша вагон туралы барлық деректер пайдалану вагон жөндеу депо қызметкерлерімен Теміржол әкімшілігінің ақпараттық-есептеу орталығына тапсырылады. Тапсырылған деректер негізінде Жүк вагондарын жоспарлы жөндеу сапасын бағалау әдістемелік ережесіне және вагондардың ақаулықтар классификаторын қолдану тәртібіне сәйкесжүк вагондарын жөндеу сапасыныңкоэффициентіне есеп жүргізіледі. Жөндеу сапасының көрсеткіштері бойынша ақпарат ай сайын теміржол әкімшіліктеріне жолданады.

2018 жылғы 9 айдыңқорытындысы бойынша жүк вагондарын жөндеу сапасы коэффициентінің орташа көрсеткіші ҚР вагон жөндеу кәсіпорындары бойынша 0,038 бірлікті құрады, бұл 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,005 жоғары. Егер 2017 жылы 100 вагонға 4,3 вагон ағытылған болса, 2018 жылы – 3,8 вагон.

- Вагондарды жоспардан тыс жөндеуге ағыту оқиғалары жылдан жылға қайталануда. Бұл жұмыс емес паркінің ұлғаюына, вагондардың жөндеуді күтіп өнімсіз тұруына және тиісінше, жүк вагон паркімен тасымалдаудан кіріс толық түспеуінеәкеп соқтырады. Бұдан басқа, бұл тікелей қаржы залалына тіреледі, - деп белгілейді 1-ші деңгейлі менеджерЛиза Каримова. - Вагон жөндеу кәсіпорындарының негізгі көрсеткіштері ретінде жүк вагондарын, олардың тораптары мен бөліктерін жөндеудің технологиялық үрдісті жақсарту бойынша нысаналы жұмыс жүргізу, сондай-ақ жүзеге асырылатын қызметтердің сапасын жетілдіру бойынша шаралар қабылдау болуға тиіс. Вагондарға сапалы жөндеу жасау жылжымалы құрамның жетіспеушілігін төмендету жағдайын жақсартуда маңызды әсерінтигізеді.

«Қазтеміртранс» АҚ баспасөз қызметі