«Қазтеміртранс» АҚ қызметкерлерін құқықтық жаппай оқыту өткізілді

«Қазтеміртранс» АҚ қызметкерлерін құқықтық жаппай оқыту өткізілді 17.10.2018

2018 жылғы 16 қазанда Компанияның орталық аппараты мен өңірлік филиалдарының кадр, заң қызметтері және еңбекті қорғауға жаупты қызметкерлерін еңбек заңнамасы негіздері бойынша құқықтық жаппай оқыту 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің негізгі ережелерін және еңбек қатынастарын реттейтін басқа нормативтік-құқықтық актілерді, соның ішінде келісім комиссиясы бойынша мәселелерді түсіндіру мақсатымен өткізілді.

Оқыту Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің тапсырмасын орындау мақсатында өтті. Оқытуды ұйымдастырушы – «КарагандаСпецРемонт» ЖШС «ЦентрПромБезопасность» оқу орталығы.

«Қазтеміртранс» АҚ баспасөз қызметі