«Қазтеміртранс» АҚ меншігіндегі инновациялық вагондар сынаудан ойдағыдай өтті

«Қазтеміртранс» АҚ меншігіндегі инновациялық вагондар  сынаудан ойдағыдай өтті 05.10.2018

Цицикар вагон жөндеу компаниясының (ҚХР) және «Қазақстандық вагон жөндеу» ЖШС өндірісіндегі жаңа замандағы 2 мыңнан астам жартылай вагондар бақылаудағы пайдаланудың бірінші кезеңінен өтті. 2011-2014 жылдары сатып алынған вагондарды сынау «Қазтеміртранс» АҚ «Укртрансакат ҒӨК» ҚБ нормативтік-техникалық құжаттамаларды өңдеушімен бірлесіп өткізілді.

– Жаңа замандағы 18-9996 модельді арбашықтағы 12-9920 және 12-9941 модельді жартылай вагондардың құрылымдық ерекшеліктері мен ресурстары оның жақсартылған жүріс сапасы, 5 тоннаға жүк көтергіштігі артуына орай 18-100 модельді арбашықтың сериялық жартылай вагондарымен салыстырғанда вагондардың жоғарғы өнімділігі мен айналымына жетуге мүмкіндік туғызады, - деп баяндайды «Қазтеміртранс» АҚ Бас директодың міндетін атқарушы Қайрат Сулименов. – Бұл вагондардың жөндеуаралық жүрісі 500 мың км құрады.

Сынаулар қозғалыс қауіпсіздігі нормалары сақталуымен айналма бағдар бойынша нақты пайдалану жағдайында жүргізілді және олардың сенімділігі мен жөндеуаралық ресурстары бойынша нақты деректерді алуға мүмкіндік тудырды.

Сынау барысында жартылай вагондардың техникалық сипаттамалары белгіленген, бұл құрылған соң 4 жылдан 8 жылға дейін немесе 600 мың км бірінші депо жөндеуін, күрделі жөндеуден соң – 4-тен 8 жылға дейін немесе 600 мың км және күрделі жөндеуден соң – 16 жылға дейін депо жөндеуін өткізу үшін олардың жөндеуаралық мерзімін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бақылаудағы пайдалану барысында вагондарға техникалық қызмет көрсету өткізудің мерзімділігіне жаңа нормативтер енгізілді – жұмыстардың (жүрістің) нақты орындалған көлемі бойынша 300 мың км және пайдаланудың күнтізбелік ұзақтығы 4 жылға. Бұнымен, бақылаудағы пайдаланудың нәтижесі сол модельдердің қолда бар жартылай вагондардың техникалық потенциалдарына «Қазтеміртранс» АҚ болжамдарын растады.

Сонымен бірге Қайрат Сулименов 12-9920 и 12-9941 модельді жартылай вагондардың жөндеуаралық жүрісін ұлғайту факторы елеулі экономикалық әсер беретінін белгілеп өтті. Жартылай вагондар барлық өмір циклінде 7 депо жөндеуін өтуге тиіс, енді бақылаудағы пайдалану нәтижесі бойынша барлық өмір циклінде 2 депо жөндеуінен өтетін болады, осыған орай қаржы шамамен 20 млрд.теңгеге үнемделеді.

Осы жартылай вагондардың техникалық шарттарына өзгертулер туралы «Укртрансакат ҒӨК» ҚБ нормативтік-техникалық құжаттамаларды өңдеушіні хабарландыру негізінде Теміржол әкімшіліктерінің ақпараттандыру-есептеу орталығы Жүк вагондарының модельдері анықтамасына 12-9920 және 12-9941 модельді жартылай вагондардың жөндеуаралық мерзімдері бойынша өзгерістер енгізді.

Қазіргі уақытта «Қазтеміртранс» АҚ 800 мың км дейін жылдамдық бойынша жөндеуаралық мерзімнің ұзақтығын анықтау мақсатымен 12-9920 және 12-9941 модельді жартылай вагондардың сынау партиясын бақылаудағы пайдаланудың екінші кезеңіне кірісті.

«Қазтеміртранс» АҚ баспасөз қызметі