Қарттар күнімен Бас директордың міндетін атқарушы Қ.Э. Сулименовтың құттықтауы

Қарттар күнімен Бас директордың міндетін атқарушы Қ.Э. Сулименовтың құттықтауы  01.10.2018

«Қазтеміртранс» АҚ есебінде 194 зейнеткер тұр, олардың 6-ы «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған.

Қарттар күнімен зейнеткерлерді Бас директордың міндетін атқарушы Қ.Э. Сулименов құттықтады.

Құрметті еңбек ардагерлері!

Сіздердің еңбек өмірбаяндарыңыз көптеген уақиғаларға толы және өз істеріңізге адал қызмет көрсетумен жарқын үлгісіздер.

Қарттар күнін атап өтумен, біз Сіздердің кәсіби істеріңізге, еңбек табыстарыңызға және теміржол көлігі саласындағы мол тәжірибелеріңізге құрмет білдіреміз. Сіздердің арқаларыңызда «Қазтеміртранс» АҚ экономикалық даму негізі құрылды. Ал біздің парызымыз – Сіздерге көңіл бөліп, қамқорлыққа бөлеу.

Жыл сайын компаниямен Сіздерді емдеу-сауықтыру жолдамасымен, теміржол көлігінде тегін жүруді, материалдық көмек көрсетуді қамтамсыз етуге қаражат бөлінеді. Зейнетке шыққан қызметкерлер үшін осы және басқа да әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер Ұжымдық шаррта бекітілген.

Сіздерге ең бастысы – зор денсаулық тілейміз. Жақындарыңыздың қамқорлығы мен махаббаттары Сіздерге сергектік, позитив және қуат берсін, ал балаларыңыз бен немерелеріңіз өз жетістіктерімен қуанта берсін.