2018 жылғы 1 тамызда «Туған елге саяхат» жобасының аясында «Қазтеміртранс» АҚ орталық аппараты мен өңірлік филиалдары жұмыскерлерінің 10 баласы Астана- Байқоңыр-Түркістан-Алматы-Алакөл-Астана бағыты бойынша жолға шықты.

2018 жылғы 1 тамызда «Туған елге саяхат» жобасының аясында «Қазтеміртранс» АҚ орталық аппараты мен өңірлік филиалдары жұмыскерлерінің 10 баласы Астана- Байқоңыр-Түркістан-Алматы-Алакөл-Астана бағыты бойынша жолға шықты. 03.08.2018

Жоба 2016 жылдан бастап «ҚТЖ»ҰК» АҚ бірге «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларын дамыту қорымен жүзеге асырылуда. Жоба ұраны: «Тәуелсіз Қазақстан балаларының арманын орындаймыз!» Жоба еліміздің тарихи және сәулет ескерткіштерін зерделеуге, отанды сүйуге, отансүйгіштікті нығайтуға, қоршаған әлемге балалардың қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Республиканың әртүрлі өңірлеріндегі қалаларда, аудандық округтерде және ауылдарда тұратын 120 бала Қазақстанның көрікті және әдемі жерлеріне баратын және оның тарихы туралы көп нәрсе білетін болады.

Жобаның соңына қарай, атап айтқанда, 6 қарашада балалар «Жұлдыз FM» радиосында тікелей эфирде үйренген тәжірибелері мен алған әсерлері туралы айтады.

«Қазтеміртранс» АҚ баспасөз қызметі