«Қазтеміртранс» АҚ мен «Шеффлер Мануфактинг Русь» ЖШС келісімшартқа отырды

16.05.2018

2018 жылғы 15 мамырда «Қазтеміртранс» АҚ мен «Шэффлер Мануфэкчеринг Рус» ЖШС арасында «Қазтеміртранс» АҚ меншігіндегі 12-9920, 12-9941 моделді инновациялық ашық вагондарының дөңгелек жұптарында орнатылған FAG маркалы кассета түріндегі мойынтіректерді қалпына келтіру бойынша қызмет көрсетуге келісім-шарт жасалды.

Шартқа қол қою Schaeffler тобына кіретін және FAG маркалы мойынтіректерді жөндеу құқығына ие ТМД аумағындағы бірден-бір кәсіпорын болып табылатын «Шэффлер Мануфэкчеринг Рус» ЖШҚ компаниясымен жасалған кездесулер мен келіссөздердің нәтижесі болды. Аталған компания әзірлеуші, өндіруші және «FAG» сауда маркасынының иесі - әлемге әйгілі Schaeffler Technologies AG & Co. KG концерні (Германия) ұсынатын мойынтіректерге жөндеу жүргізуге арналған қажетті өндірістік базаға, қызметкерлердің техникалық құзіретіне және жөндеу технологиясына ие.

«Қазтеміртранс» АҚ вагон паркінде 8 340 бірлік иновациялық ашық вагон бар. Олардың техникалық ерекшелігі жөндеу аралығындағы кезеңі 8 жыл немесе 800 мың км. қашықтықты құрайтын кассеталық мойынтіректермен жабдықтау болып табылады.

FAG маркалы кассета түріндегі мойынтіректердің дөңгелек жұптарын байқау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі басшылыққа сәйкес, пайдаланудың көрсетілген мерзімі келгенде олар рекондициялауға (жөндеуге/қалпына келтіруге) жатады.

Шартқа қол қою процесінде тараптар ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастыққа сенім білдірді.

ghtc1.jpgghtc2.jpgghtc3.jpg

«Қазтеміртранс» АҚ баспасөз релизі

Анықтама үшін 2003 жылы Schaeffler Gruppe тобына үш ірі компания - INA, LuK и FAG кірді. Бас компанияның негізін қалаушылар ағалы-інілі Вильгельм және Георг Шеффлерлер болды. Қазіргі уақытта концерн мамандары сырғанайтын және теңселетін заманауи мойынтіректерді, автомобиль индустриясына, машина жасауға, авиациялық, ғарыштық өнеркәсіпке арналған қозғалтқыштардың жоғары технологиялық элементтерін әзірлеумен және өндірумен айналысады. INА және FAG сауда маркасындағы тауарлар бүкіл әлем бойынша сатылады, олар мамандарға кеңінен танымал және жоғары сапасы мен сенімділігі үшін құрметке ие.