«Қазтеміртранс» АҚ-ның командасы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ орталық аппаратының, филиалдарының және еншілес ұйымдарының қызметкерлері арасындағы шаңғы жарысы бойынша бірінші спартакиадасында қола медаль жеңіп алды.

19.03.2018
2018 жылдың 17 наурыз айында Астана қаласындағы саябақ аймағындағы шаңғыроликті трассасында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ орталық аппаратының, филиалдарының және еншілес ұйымдарының қызметкерлері арасында шаңғы жарысы бойынша бірінші спартакиада өтті. 

Сегіз команданың ішінде «Қазтеміртранс» АҚ командасы құрамында «Вагон паркі дирекциясы» филиалының экономика және қаржы бойынша директорының орынбасары Дос Перуашев, экономика және қаржы департаментінің сырттан тартылған және айналым капиталының жұмыстары бойынша функционалдық бағыттарының бас сарапшысы Рустам Кудьяров, сатып алуды ұйымдастыру департаментінің 1 деңгейідегі менеджері Акбар Таженов және «Бас компьютерлік орталық» филиалының 2 санаттағы инженері Ольга Макалкина құрметті 3 орынға ие болды және қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, жеке есепте Перуашев Д., Макалкина О.– 2 орын, Кудьяров Р. 3 орын алды.

кака.jpg какак.jpg
какака.jpg какакак.jpg

«Қазтеміртранс» АҚ-ның баспасөз қызметі