«Қазтеміртранс» АҚ 2017 жылға арналған қаржы-экономикалық қызметтің қорытындысын шығарды

20.03.2018
«Қазтеміртранс» АҚ-ның негізгі қызметі жүк вагондарын мүлікті жалға беру қызмет көрсетуі болып табылады. Негізгі қызметтен түскен кірістер 2017 жылы 76,699 миллиард теңгені, операциялық шығыстар - 55,753 миллиард теңгені құрады.

Операциялық пайда 20,946 млн.теңге сомасында алынды, бұл өткен жылдың осындай көрсеткішінен 16,682 млн. теңгеге жоғары.
Инвестициялық бюджет 10 209,5 млрд.теңгеге орындалды, бұл жоспардың 64% -ын құрады.

«Қазтеміртранс» АҚ қызметінің басым бағыттары 2017 жылы жұмыс паркін ұлғайту және компанияның қаржылық тұрақтылығын тиімді басқару бойынша қызметі айқындалды.

2017 жылдың соңында жөндеудің жоспарлы түрлерін жүзеге асыруға байланысты жұмыс паркі 100% толықтырылып, 23 651 бірлікті құрады, бұл 2016 жылға қарағанда 6,1 мыңға көп. Оның ішінде күрделі жөндеуден 3,200 бірлік, ал 20 451 бірлік деполық жөндеуден өткізілді.

2017 жылдың тамызында «Қазтеміртранс» АҚ және «ҚДБ-Лизинг» АҚ арасында 15 жыл мерзімге жартылай ашық 1 000 бірлік вагондардын сатып алуға қаржылай лизингтің келісім-шартқа отырды, негізгі борышты өтеу жеңілдік кезеңі 7 жыл. Қаржы лизингі шарты бойынша вагондарды жеткізушілермен отандық тауар өндірушілерді анықталды. «Қазтеміртранс» АҚ-ның күрделі жұмсалым жоспары шеңберінде вагон паркіне пайдалануға берілген және қабылданған 84 жаңа жартылай вагон жаңартылды.

2017 жылдың қараша айында «ҚТЖ»ҰК» АҚ компаниялар тобымен 700 млн АҚШ доллары көлемінде облигацияларды қайта қаржыландыру (төлеп алу) (соның ішінде «Қазтеміртранс» АҚ үлесі 290 млн. АҚШ доллары) 2020 жылы 780 млн. АҚШ доллары сомасында жаңа еврооблигацияларды шығару арқылы және 2027 жылға дейін негізгі қарыздың мерзімін ұзарту қарастырылып отыр (соның ішінде «Қазтеміртранс» АҚ-ның үлесі 290 млн АҚШ доллары). 

«Қазтеміртранс» АҚ өндірістік қажеттіліктеріне тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен қамтамасыз етуде сатып алудың бекітілген жоспары шеңберінде 25 912,16 млн. теңгеге 100% құрады. Отандық тауар өндірушілерден сатып алу 82% мөлшерінде жүзеге асырылды.

2017 жылы активтердің ағымдағы активтер қоржыны оңтайландырылды. Жеке менеджмент бақылауына бәсекелестік ортаға жіберуге өнеркәсіптік активтерді қайта құрылымдау бағдарламасына сәйкес «Қазтеміртранс» АҚ меншік филиалдары- металл сынықтарын сақтайтын өндірістік базалары және вагон жөндеу деполары сатылды.
Түскен ақшалай қаражатқа «Қазтеміртранс» АҚ кредиттік міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету және вагон паркін жаңарту жоспарланып отыр.
Темір жол көлігін ақпараттандыру аясында компанияға 54 мың бірлік жүк вагондар көлемінде АБЖ «ҚТТ» автоматты бақылау жүйесі жақсартылды және енгізілді. 
Бағдарламалық кешен «Қазтеміртранс» АҚ жүк вагондарының техникалық жай-күйін басқару үшін қажетті барлық технологиялық операцияларды қамтиды және вагондарды жалға беруден және тасымалдауды ұйымдастырудан кірістілігін есептейді.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізу оңтайлы нәтижелерге қол жеткізу үшін вагон паркін басқаруда жедел араласуды қамтамасыз ететін, жүк вагондарын жылжуы және темір жолдарда ақаулы вагондардың тұруы, жұмыста нақты уақыт тәртібіндегі номерлі бақылау нәтижесінде өндірістік әсер береді. 
Мәселен, 2017 жылы компанияның меншігіндегі «КВК» ЖШС және Қытайда өндірілген вагондар толық бақылауға алынды. 

Автоматтандырылған басқару жүйесі арқылы өндіріс көрсеткіштері компанияның өнімділігін бағалауға және нақты көрсеткіштерді жоспарланған көрсеткіштермен, сондай-ақ өткен кезең көрсеткіштерімен салыстыру үшін жасалады. 

2018 жылға арналған маңызды міндеттер - вагон паркін жаңарту және республиканың вагон жөндеу кәсіпорындарының вагондарын жөндеу сапасын жақсарту. 2018 жылы сенімді жылжымалы теміржол құрамын қамтамасыз ету үшін проблемалық мәселелерді шешу және қолайлы жағдай жасауы үшін тасымалдау процесінің барлық мүдделі бөлімшелер назарын «Қазтеміртранс» вагондар сапасын жақсарту және жөндеу жылы деп жарияланды.


«Қазтеміртранс» АҚ баспасөз қызметі