2017 жылға арналған жүк вагондарын жөндеудің белгіленген жоспары 100% орындалды

05.02.2018 2017 жылға арналған жұмыс қорытындысы бойынша «Қазтеміртранс» АҚ жүк вагондарын жөндеудің жоспарлы түріне оң серпін берді. Осы кезеңде белгіленген жөндеу жоспары 100% орындалды.

«Жоспардағы 23 596 вагондарынан 23 651 жүк вагоны жөнделді, бұл 2016 жылға қарағанда 6,1 мың вагондарға артық», - деді компанияның Президенті Қайрат Саурбаев. Оның ішінде 3 200 күрделі жөндеуден, 20 451 деполық жөндеуден өтті».

Өте тапшы жылжымалы құрам ретінде, жартылай ашық вагондарды жөндеудің жоспарлы түрлерінің өндіріс көлемінің артуына байланысты, 2017 жылы компания жұмыс істемейтін паркте олардың қалдығын үш есе азайтуға қол жеткізді.

2017 жылға белгіленген техникалық аққаусыз жылжымалы құраммен қамтамасыз ету міндеттері орындалды.

Ағымдағы жылы 18,6 мыңнан астам вагондарға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, оның 11,6 мың. жартылай ашық вагондар.



«Қазтеміртранс» АҚ баспасөз қызметі