Жолдың қарапайым еңбеккері

02.02.2018 2018 жылдың бірінші ақпанында «Қазтеміртранс» АҚ филиалының - «Вагон паркі басқармасы» ұжымы бухгалтерлік есеп басқармасының бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы Сайрамбаева Галина Дмитриевнаны құрметті демалысқа шығарып салды. Оның теміржол көлігіндегі жұмыс өтілі 23 жылдан асты.

Галина Дмитриевнаның айтуынша, оның өмірбаянындағы маңызды оқиғалардың бірі Днепропетровск мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін Қазақстанға жұмыс істеуге жіберілуі болды. Бұл таңдау кездейсоқ емес еді, өйткені Галина Дмитриевна Көкшетау облысындағы тың игерушілердің отбасында дүниеге келген. Өмірбаянының бұл фактісі айтарлықтай болды, өйткені ол теміржолшылар әулетіне - Сайрамбаевтар отбасына келін болып түсті.

Өзінің еңбек жолында Днепропетровск мемлекеттік университетінің жанындағы ҒИ жоғарғы оқу орын аралық қызмет көрсету орталығының ЭЕО операторы, Петропавл қаласындағы орындаушы механизмдер зауытында инженер-конструктор болып жұмыс істеді. 1994 жылы «ҚТЖ»ҰК»АҚ филиалына- Шымкент жол бөлімі техникалық кеңсесінің операторы болып ауысты. Соған байланысты 2001 жылы Алматы экономика және статистика институтының « Бухгалтерлік есеп, талдау және аудит» мамандығын бітірді.

2007 жылдың қазан айында «Қазтеміртранс» АҚ-ның «Вагон паркі орталығы» филиалына бухгалтерлік есеп басқармасының бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы болып жұмысқа орналасты да онда зейнеткерлікке дейін жұмыс істеді.

Галина Дмитриевна әрдайым еңбекқор жұмысшы, жақсы маман және өзінің еңбек міндеттерін дұрыс орындаған адам. Оны әрдайым сенім артуға болатын адам ретінде өз әріптестері құрметтейді және бағалайды.

Біздің темір жолымыз осындай қарапайым қызметкерлердің арқасында ұсталып тұр. «Вагон паркі басқармасы» филиалының ұжымы Сайрамбаева Галина Дмитриевнаға зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ өмір, лайықты демалыс және барлық жоспарларының жүзеге асыуын шын жүректен тіледі. 

Галина Дмитриевнаның айтуынша, ол зейнеткерлікте зерікпейді, өйткені ол шығармашылық адамы. Оның қолөнер бұйымдары - тоқылған және кестеленген көптеген керемет жұмыстары бар.

лопжгрщгргр.jpg раорнпллго.jpg

«Қазтеміртранс» АҚ баспасөз қызметі