«Қазтеміртранс» АҚ жұмыстарын, қызметтерін және тауарларын сатып алу жоспарының орындалуы 2017 жылғы қыметтерінің нәтижелері бойынша 100%

31.01.2018 «Қазтеміртранс» АҚ жұмыстарын, қызметтерін және тауарларын сатып алу жоспарының орындалуы 2017 жылғы қыметтерінің нәтижелері бойынша 100% 25 912 160 000 теңге сомасын құрады.

«Қазтеміртранс» АҚ өндірістік қажеттіліктері үшін тауарлармен, жұмыстармен және қызмет көрсетумен қамтамасыз ету үшін 768 келісім-шарттарқа қол қойылды. 126 келісім-шарттың - 59%, ал 642 келісім-шарттың орындалуы 100% құрады.

«Қазтеміртранс» АҚ тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсету бойынша тапсырыстармен қамтамасыз ететін отандық өндірушілер үшін сенімді серіктес болып табылады. 2017 жылға сатып алу жоспарымен қарастырылған, OTӨ сатып алуы 82% көлемінде жүзеге асырылды.
Қазіргі уақытта «ҚТЖ»ҰК» АҚ бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында категориялық сатып алуды басқаратын жобаны жүзеге асыру бойынша «Қазтеміртранс» АҚ қатысады. 

2017 жылдың 30 қазанында «ҚТЖ»ҰК» АҚ Президентінің міндетін атқарушысы бұйрығымен «Жүк вагондарын жөндеу», «Тұтас таптамалы дөңгелек» сатып алу категориясы бойынша пилоттық сатып алу категориялық стратегиясы бекітілді, сонымен қатар оларды жүзеге асыратын толық жоспар дайындалды.

«Жүк вагондарын жөндеу» сатып алудағы категориялық стратегиясын іске асыру аясында жұмыстың құнын төмендету бойынша келіссөздер өткізу арқылы жүк вагондарын күрделі және деполық жөндеу (КЖ,ДЖ) бойынша алдағы негізгі сатып алу жұмыстары жүзеге асырылды. Сатып алу жұмыстарын өткізу бойынша үнемділік 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 5% -дан асты.