«Қазтеміртранс» АҚ Президентінің көлік қызметкерлер күнімен құттықтауы.

«Қазтеміртранс» АҚ Президентінің көлік қызметкерлер күнімен құттықтауы. 04.08.2017 2017 жылдың 4 тамызында «Қазтеміртранс» АҚ-ның Президенті Сәуірбаев Қ.Ә. еңбек ұжымын көлік қызметкеркерлері күнімен құттықтады:

«Құрметті «Қазтеміртранс» АҚ қызметкерлері! 

Көлік қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Қазақстанда теміржол саласы қарқынды дамып келе жатыр. Халықаралық нарықтарға отандық өнімнің шығуын және ұлттық экономиканың өсуін қамтамасыз еткен, ауқымы тек қана Қазақстанда емес,сонымен қатар ТМД елдерінде де зор ондаған жобалар жүзеге асырылды. Осы жетістіктерлерде сіздердің де еңбектеріңіз бар. Елдің экономикасына сіздің қосқан үлесіңізді бағалау мүмкін емес. Күнделікті еңбекпен, сіз «Қазтеміртранс» АҚ-ның мүлкін, жүк вагондарын уақтылы және қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз етесіздер.

Мен сіздерге күш, қуат, фбелсенділік және мақсаттылық, кез келген алға қойған міндеттеріңізге қысқа мерзімде қол жеткізулеріңізді тілеймін. Сізге және Сіздің отбастарыңызға денсаулық, бақыт және амандық тілеймін! »

Кәсіби мереке құрметіне адал еңбегі және компанияның дамуына үлес қосқаны үшін құрмет грамоталарымен және Президентінің алғыс хаттарымен бірқатар ұйым қызметкерлері марапатталды.

2017 жылдың 31 тамызындағы "Қазақстан темір жолы"ҰК" АҚ Президентінің бұйрығы негізінде:
«Вагон паркі дирекциясы» - «Қазтеміртранс» АҚ-ның филиалы Вагон паркін жөндеу басқармасының басшысы Рақымжанов Қуаныш Радыжевич «Адал еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды;

«Болат жолдың даңқты еңбеккерлері» құрмет кітабына «Қазтеміртранс» АҚ-ның филиалы Вагон паркін қолдану және есепке алу басқармасының бастығы Алдонғарова Бақыт Әділханқызының есімі енгізілді.

1234.jpg12345.jpg123456.jpg