Бірінші жартыжылдықта «ҚТЖ» ҰК» АҚ паркінің шамамен 11 мың жүк вагоны жөндеуден өтті.

10.07.2017 2017 жылдың 6 айында республикамыздың жүк вагондары паркінің операторы болып табылатын «Қазтеміртранс» АҚ –ның шамамен 11 мың жүк вагоны жоспарлы жөндеу жұмыстарынан өтті. Бұл - 2016 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 2,2 мың вагонға артық көрсеткіш. 

10 269 вагон депода жөндеуден өткізілсе, 631 вагон күрделі жөндеуден өткізілді. 

Вагондардың ең көбі - 8300 ден аса вагон басқа вагон жөндеу депосы арқылы жөнделді. «Қазтеміртранс» АҚ өз депосының өндірістік нысандарында 2,5 мыңнан аса жүк вагондары жөнделіп, жүк тиеу үшін дайындалған. 

Паркте вагон тапшылығы кезінде ашық вагондарда жүктерді тасымалдау қажеттілігінің артуына байланысты, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында жартылай вагондарды жөндеуден шығару мәселесіне аса назар аударылды. 

«Қазтеміртранс» АҚ –ның Президенті Қайрат Саурбаев: - «Тауарларды тасымалдауда ең қажетті жылжымалы вагон болғандықтан, біз жартылай вагондарды жөндеуге арнайы іс-шаралар атқарып жатырмыз» - деді. 

Бұл бағытта, 4 мыңнан астам жарты вагондарды қамтитын жартыжылдық жоспардан бөлек, қосымша 700-ден аса жарты вагондар жөндеу жұмыстарынан өтті.
2017 жылдың соңына дейін ай сайын шамамен 1400-1500 жарты вагон және 500-ден аса вагондардың басқа түрлеріне, оның ішінде, жабық вагондар, платформалар, цистерналар мен т.б. вагон түрлеріне жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу назарға алынып отыр. 

Жүк вагондарын уақтылы жөндеу - қозғалыс қауіпсіздігі мен темір жол арқылы тасымалданатын жүктің сақталуына кепілдік беретінін ескертеміз.


«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі