«Қазтеміртранс» АҚ : жаңа технологияларды енгізу

 «Қазтеміртранс» АҚ : жаңа технологияларды енгізу 25.04.2017

2011-2012 жылдары «Қазтеміртранс» АҚ-ның  вагон паркін жаңарту мақсатында, Цицикар теміржол  вагон компаниясында (ҚХР)  өндірілген, 18-9996 модельді арбасымен 12-9920 инновациялық жартылай вагон моделін және «Қазақстан вагон жасау компаниясы»  ЖШС (Екібастұз) жасалған 18-9996 модельді арбадағы жартылай вагонын сатып алу үшін компаниямен үлкен жұмыс атқарылды.

Жаңа буынды вагондардың  конструкциялық  ерекшеліктері мен ресурстары 18-100 модельді арбалардағы сериялы төбесі ашық жүк вагондарымен салыстырғанда вагонның  қозғалғыш сапасын жақсарту мен оның  жүк көтерімін 5 тоннаға арттыру,  жөндеу аралық кезеңіндегі  вагонның  жүрісін 210 мың км-ден 500 мың км-ге дейін  жеткізу және вагонның  қызмет ету мерзімін 22 жылдан 28 жылға дейін ұзарту арқылы вагонның үлкен өнімділігі мен айналымына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Жаңа буын жүк вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету мақсатында «Қазтеміртранс» АҚ-ның «Балқаш вагон жөндеу депосы» филиалы базасында компаниямен Қызмет көрсету орталығы құрылды.

Инновациялық жартылай вагондарға бірінші жоспарлы техникалық жөндеу 2015 жылы көрсетіле бастады.

Бұл вагондардың техникалық ерекшелігі –жөндеу аралық кезеңі 8 жыл немесе 800 мың км.қашықтықты құрайтын, кассеталық конус тәріздес мойынтірекпен жабдықтау болып табылды.

Кассеталық мойынтіректің өндірушісі болып фирма Гётеборг қаласындағы (Швеция) «Aktiebolaget SvenskaKullagerfabriken» (SKF) еншілес компаниясы -Beijing Nankou SKF Railway Bearings Co., LTD (КНР) табылады.  ТМД аумағында компанияның өкілі болып кассеталық мойынтіректерді жөндейтін, сервистік қызмет көрсететін, жасайтын Тверь қаласындағы  өндіріс алаңы бар СКФ ЖАҚ (Москва қаласы, РФ) болып табылады.

SKF өндірісінің кассеталық конус тәріздес мойынтірегін 2007 жылы алғашқы рет «1520» кеңістіктіктегі жолда жүк вагондарында  қойыла бастады.

2012 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңде «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ мен «Қазтеміртранс» АҚ Beijing Nankou SKF Railway Bearings Co., LTD және СКФ ЖАҚ компаниялары өкілдерімен келіссөздер және кездесулер өткізілді, соның нәтижесі негізінде кассеталық мойынтіректі жөндеудегі технологиялық құжаттамаларды "Қазтеміртранс" АҚ беру, депо мамандарын дайындау мәселесі келісілді және SKF маркалы жинақы конус тәрізді буксалық қорапты қалпына келтіру технологиясын қолдану құқығына лицензия беру жөнінде СКФ ЖАҚ-мен  ұзақ мерзімді кеісімшарт жасалды.

Балқаш депосы ұжымының алдында мынандай мақсаттар қойылды: депоны қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету, қызметкерлерді үйрету және кассеталық мойынтіректерді  жөндеуде өндіріске  технология енгізу. Жаңа технологияларды енгізу үшін бұрынғымен біріктіру қажет болған, жаңа технологиялық жабдықтардың 26 бірлігі зерттелуіне және оны практикалық қолдануына тиіс болды.

SKF Europe  теміржол көлігі үшін мойынтіректі жөндеудегі құзіретті орталықтың  басшысы  Дэвид Йоханссон сертификатталған аудит өткізді.

Тексеру қортындысы бойынша депо дайындығы жоғарғы деңгейде екені және де SKF мойынтіректерін қайта қалпына келтіріп жөндеуге кәсіпорын дайындығы, депо бөлімдеріндегі техникалық жабдығы және мамандардың алдын ала дайындығы аталып  өтті.

Депо ұжымы ең маңызды  және үлкен қортынды жұмыс жүргізгені жайында  2016 жылы СКФ ЖАҚ берген сертификат дәлелдейді де, (SKF CTBU) жинақы конус тәрізді буксалық қорапты қалпына келтірудегі Балқаш ВЖД сертификатталған шерерханасы болып табылады.

Жаңа технологияларды енгізу мақсатында өндірістік процесті жақсарту– бұл уақыт талабы, қазіргі заманғы өндіріс инновацияларсыз өмір сүре алмайды.

Кассеталық мойынтіректі қалпына келтіруі бойынша технологияларын қолдануы, Балқаш ВЖД-ның зауыт-өндірушілердің түпнұсқа бөлшектерімен  жұмыс істейтінін дәлелдейді де, оған SKF маркалы кассеттік мойынтірегін жөндеуге мүмкіндік береді, «Қазтеміртранс» АҚ-ның меншігіндей вагондарды жөндеумен  қатар басқа меншіктенушінің вагондарын жөндей алады.

SKF теміржол бизнесі- өндірісі және қызмет көрсетуі әлем бойынша  13 қалада орналасқан, ал Балқаш ВЖД, SKF маркалы жинақы конус тәрізді буксалық қорапты қалпына келтіретін және қызмет көрсететін  14 мекемесі болды.

 

Анықтама үшін: Компания SKF 1907ж. құрылған және әлемдегі жетекші өнеркәсіптік компаниялардың бірі, буксалық мойынтірек түйіндерін, теміржол көлігіне жүйелі тартпа және майлауыш өндіруде әлемдік көшбасшы болып табылады.

 

«Қазтеміртранс» АҚ-ның баспасөз –қызметі