«Қазтемітранс» АҚ 2016 жылға арналған қаржы-экономикалық қызметінің қорытындысын шығарды

14.03.2017 АО «Қазтемітранс» АҚ Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына үлес қоса отырып, Республиканың ең шалғай түкпірлеріне және оның шекарасынан тыс жерлеріне отандық тауар-өндірушілердің маңызды тауарларын жүк вагондарымен тасымалдауды қамтамасыз етеді.

2016 жылы «Қазтемітранс» АҚ-ның жүк вагондарымен 90 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2015 жылға қарағанда 5% артық. Тасымалданатын жүктің негізгі бөлігі сусымалы және үймелі жүктер,олар- көмір, астық, мұнай және мұнай өнімдері, руда және минералды тыңайтқыштар.

Компанияның вагондарында көлік нарығының темір жол жүк тасу үлесі 2016 жылы 42% -ды құрады, ал 2013 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңде 38% -дан 40% -ға дейін құраған.

2016 жылға компанияның негізгі қызметінен 81,2 млрд теңге мөлшерінде табыс түскен, бұл жоспардың 98% жүзеге асуы, ал 2015 жылы жоспардың орындалуы 70% -ды құрды. 156,1 млрд. теңге немесе 119,9% жоспардың орындалуында жалпы табыс шамамен 187,1 млрд.теңге алынған.
2016 жылы «ҚТЖ»ҰК» АҚ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2014 жылдан жүзеге асырылатын «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның компаниялар тобында ауқымды және жүйелі қайта өзгеруін жобалайтын Ұлттық әл-ауқат қоры «Самұрық-Қазына» АҚ бизнесті трансформациялау бағдарламасы шеңберінде жаңа операциялық қызметтің моделіне көшті.

2016 жылдың тамызыда «Қазтемітранс» АҚ өндірістік қызметінде өзгерістер нәтижесінде пайда болған жүйелі құрылымының қайта қаралуы өтті.
«Қазтеміртранс» АҚ-ның жеке меншік вагон операторларының қызметін сату функциясы «ҚТЖ»ҰК»АҚ-ның еншілес ұйымы «KTZ Express» АҚ берілді де, соның негізінде Ортақ терезе жүйесінде «ҚТЖ»ҰК» АҚ -ның барлық компаниялар тобының қызметтерін сату орталығымен бірге республиканың транзитті-көліктік әлеуетін дамытудағы негізгі құзыреттілік қалыптасады.

Өз кезегінде, «Қазтемітранс» АҚ Қазақстандағы жүк вагондарының ірі меншік иесі ретінде, барлық ірі нарық сегменттерде- ішкі, транзиттік және экспорттық тасымалдауда, тасымалдау вагондарымен барынша қамтамасыз ету үшін вагон паркінің негізгі құзыреттілігін арттырады.
«Қазтемітранс» АҚ тасымалдаудың жекелеген түрлерін айналысатын компаниялармен бірге жұмыс істеуде. Жүк вагондарын жалға алу бойынша ұзақ мерзімді келісім-шартына қол қойылған, біздің бизнес серіктестер, астықты тасымалдау бойынша- «Астық Транс» АҚ ,мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау бойынша- «Премиум Мұнай Транс» ЖШС, контейнерлік тасымалдау- «Кедентранссервис» АҚ және де басқа, болып табылады.
Компаниялар мен қаржы институттарының арасындат тұрақты серіктестік байланыс құрылды.

Қаржы тәуекел салдарына қарамастан, әлемдік экономикадағы бірқатар сыртқы берік факторлар мен трендтерге қалыптасқан , «Қазтемітранс» АҚ, 2011-2012 жылдардағы вагон паркін жаңартуда тартылған, 2016-2020 жылдардағы борышты портфельді басқару саясатына сәйкес, өзінің қарыздық міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындайды.

Тасымалдауды техникалық ақаусыз жылжымалы құраммен қамтамасыз ету мақсатында, «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы вагондарды жөндейді және жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады. 

Компания тарапынан вагондарды жөндеу депосы жаңартудан өткізілді. «Қазтеміртранс» АҚ-ң Филиалы «Балқаш вагон жөндеу депосы» негізінде құрылған Сервистік қызмет көрсету және жаңа буынды вагондарды жөндеу орталығы 2016 жылдың желтоқсан айында «Aktiebolaget Svenska Kullager fabriken» (Гётеборг қ., Швеция) фирмасының SKF маркалы дөңгелек жұптардың кассеталы мойынтіректерін жөндеу/қалпына келтіру жұмыстарын жасауға сертификат иеленді.
«Балқаш вагон жөндеу депосы» Орта Азия мемлекеттері арасындағы SKF сертификатын алған алғашқы шеберхана болып табылады. Аталмыш шаралардың барлығы шетелдік қосалқы бөлшектерді өндірушілерге тәуелділікті жою мен вагондарды жөндеу жұмыстарының өзіндік құнын төмендетуге бағытталған.
2016 жылдың нәтижелеріне сәйкес, жоспарлы жөндеу жұмыстары арқылы 17 000- нан аса жүк вагондары жөндеуден өткізілген. Бұл 2015 жылға қарағанда 29%-ға жоғары деңгейдегі көрсеткіш болып табылады. Аталмыш жүк вагондарының 12000 –нан аса бірлігі Қазақстан Республикасының басқа вагон жөндеу кәсіпорындарында, ал 5000 бірліктен аса вагондар меншікті вагон жөндеу кәсіпорындарында жөндеу жұмыстарынан өтті. 

«Қазтеміртранс» АҚ отандық тауар өндірушілерге тапсырыстарды тауарлармен қамтамасыз ету, жұмыстар мен қызметтер көрсету саласында сенімді серіктес болып табылады. 

2015-2016 жылдары «Қазтеміртранс» АҚ –ң өндірістік бағдарламасы аясында, отандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді келісім шарттардың мерзімі ұзартылып, сондай-ақ ұзақ мерзімді жаңа келісім шарттарға қол қойылды. Отандық тауар өндірушілерден 2012-2020 жылдарына ұзақ мерзімді сатып алулар жоспарына сәйкес 100% - көлемінде орындалып, атқарылған жұмыс 40,3 млрд.теңгенің 12,6 млрд. Теңгесін құрады. 

«Ұлы дала елі» атты Қазақстан тауар өндірушілерінің II Форумында «Қазтеміртранс» АҚ, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен «Отандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді келісім шарттар» номинациясында «Сенімді серіктес 2016 » жүлдесінің иегері атанды. Компания ұзақ мерзімді келісім шарттардың қомақты сомасы негізінде, отандық тауар өндірушілерді қолдайтын үздік тапсырыс беруші атанды. 

Қайта құрылымдау аясында өткізілген шаралар, 2016 жылы «Қазтеміртранс» АҚ табысын алдыңғы жылға қарағанда 2,4 млрд. теңгеге арттырды. 

2017 жылы компания Бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында өз жұмысын жалғастырады. «Қазтеміртранс» АҚ арқылы қызметтік паркті ұлғайту, қаржылық тұрақтылықты тиімді басқару үшін басым бағыттар айқындалды. Компанияда активтер мен шығындарды басқару тиімділігін арттыруға арналған бағдарлама мақұлданып, «Қазтеміртранс» АҚ 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы әзірледі.



«Қазтеміртранс» АҚ-ң баспасөз қызметі 


Біздің анықтама:

«Қазтеміртранс» АҚ (100% «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 100%-дық еншілес компаниясы) – Қазақстан Республикасының жүк вагон паркінің операторы.
Компания жүк вагондарымен операциялар жасау, оларды жөндеу, жаңарту, көліктік жөнелту қызметтерін жүзеге асырады.
«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының меншікті вагондар паркі 54 мың түрлі жүк вагондарды құрайды. Бұл: жабық вагондар, платформалар, жартылай вагондар, сұйықтық тасымалдау цистерналары, дән тасығыштар, цемент тасығыштар, фитингтік платформалар және т.б..

Астана қаласы
тел. 8 (7172) 930-276