Қаржы міндеттемелері

«Қазтеміртранс» АҚ мәміле жасауға мүдделігі бар мәмілелер туралы ақпаратты және «Қазтеміртранс» АҚ күрделі мәмілелері туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы есептігі депозитарий сайтынан – Dfo.kz. алуға болады.   

Еурооблигациялар


Қарыздар

  • «Самрук-Қазына» АҚ қарызы
  • №КТТ/60-И/122-АО/13-04/2-НПЭФф (2011 жылғы 13 сәуірдегі) кредиттік шарт бойынша «Самрук-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен негізгі қарыз 60 млрд. тенгеге 2017 жылғы 7 тамызда мерзімінен бұрын өтелді.

    2016 жылғы 22 желтоқсандағы Қарыздарды қайта құрылымдау туралы келісім бойынша сомасы 4,047,328 АҚШ доллары және 20 390 359 мың теңге ҚДЕБ негізгі қарызы 2018 жылдың 02 қазанына мерзімінен бұрын өтелді.

    • «КТЖ Финанс» ЖШҚ қарызы

    2017 жылғы 26 маусымда «Қазтеміртранс» АҚ және «КТЖ Финанс» ЖШҚ арасында сомасы 11 млрд. рубль мерзімі 5 жылға 20.06.2017 жылғы №20-06/1-НПЭФ қарыз шарты жасалды.

    • «БРК-Лизинг» АҚ қарызы

    2017 жылғы тамызда «Қазтеміртранс» АҚ және «БРК-Лизинг» АҚ арасында саны 1 000 бірлік жүк вагондарына №87/ФЛ/25-08/1-НПЭФ қаржы лизингі шарты жасалды.

    • «ҚТЖ» ҰК» АҚ топ ішіндегі қарыз

    2018 жылғы 27 қыркүйекте «Қазтеміртранс» АҚ және «ҚТЖ» ҰК» АҚ арасында шарт жасалды және мерзімі 2024 жылдың қарашасына дейін 9,25% жылдық пайыз сыйақы мөлшерлемесі бойынша сомасы 21,848,328 мың теңгеге топ ішіндегі қарыз алынды.