Директорлар Кеңесі

АТЛауазым
Сәуірбаев Қайрат Әбенұлы

2018 жылғы 14 тамыздан бастап «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің төрағасы. 

Сәуірбаев Қ.Ә. «Теміржол көлігінде тасымалдау процестерін басқару» мамандығы бойынша Алматы теміржол көлігі инженерлер институтын аяқтады.   

Еңбек жолын 1984 жылы Тың темір жолы Целиноград бөлімшесінің жүк ауласы жолдары бойынша кезекші лауазымынан бастады.   

1992 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы жүйесінде түрлі басқарушы лауазымдарды атқарды. Ақмола тасымалдау бөлімшесінің бас инженері, филиал бастығының техникалық жұмыс жөніндегі орынбасары, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – «Тасымалды басқару орталығы» филиалы тасымалдау процесін үйлестіру басқармасының бастығы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Тасымалдау дирекциясы тасымалды жоспарлау және қамтамасыз ету басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.   

2008 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – «Павлодар жол бөлімшесі» филиалының директоры, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – «Магистральді желі дирекциясы» филиалының директоры, басқарушы директоры лауазымдарында болды. 

«Құрмет» орденімен, «Құрметті теміржолшы» белгісімен, «Біртұтас Қазақ темір жолына 50 жыл», «Достық - Алашанькоу темір жолдарының түйіскеніне 20 жыл», «Қазақстан темір жолына 110 жыл» кеуде белгілерімен марапатталды. 

2015 жылдың маусымынан 2016 жылдың мамыр аралығында «Қазтеміртранс» АҚ, 2016 жылғы мамыр – шілде аралығында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Тасымалдау процесі дирекциясын басқарды.
2016 жылғы 1 маусымнан бастап 2017 жылғы 1 шілде аралығында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ операциялық қызмет жөніндегі вице-президенттің міндетін атқарды. 

2017 жылғы маусымнан бастап «Қазтеміртранс» АҚ Басқарма Төрағасы (Президенті) лауазымына тағайындалды.   

2018 жылғы шілдеден бастап «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Басқарма Төрағасының – Бас директордың міндетін атқарады. 


Огай Евгений Павлович

2010 жылдың 23 желтоқсанынан осы уақытқа дейін — «Қазтеміртранс» Акционерлік қоғамының директорлар Кеңесінің мүшесі.

Атқаратын қызметі: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ активтерін басқару бойынша Департаменттің Бас менеджері. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 2002 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Әбілқасымов Тимур Бөкейханұлы2017 жылдың 27маусымында «Қазтеміртранс» АҚ-ның Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

1989 жылы дүниеге келген. Азаматтығы - Қазақстан Республикасы.
Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының (КИМЭП) «Мемлекеттік экономикалық саясат» және «Бизнес экономика» мамандықтары бойынша білім алған.

Лондонның (Ұлыбритания) бизнес және қаржы мектебінің «Тәуекелдерді басқару» мамандығының іскер әкімшілдік магистрі (MBA).

Ол екінші деңгейлі банктың нарықтық тәуекелдер мен төлеу қабілеттілігінің тәуекелдері бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тәуекелдерді басқару департаментіне жұмысқа ауысардан бұрын «ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖСС-де тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі бөлімді басқарды. 
Смаилов Ерлан Байкенұлы 

2010 жылдың 23 желтоқсанынан осы уақытқа дейін — Тәуелсіз директор, тағайындаулар бойынша Комитет Төрағасы, Қоғам директорлар Кеңесінің сыйақы беру бойынша Комитет мүшесі. 
Павлодар Индустриалдық Институтын аяқтаған.

2010 жыл қорытындысы бойынша Қоғамның директорлар Кеңесімен 22 отырыс өткізілген. Оның ішінде 3 сырттай.

Директорлар Кеңесінің отырыстары төраға, директорлар Кеңесінің мүшелері, Басқарма төрағасы жәнеБасқарма мүшелерінің ұсыныстары негізінде қалыптасатын жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Директорлар Кеңесі жұмысының жоспары 2010 жылдың 9, ақпанында бекітілген, № 2 хаттама. 
Қоғамның директорлар Кеңесінің барлық мүшелері 2010 жылы өткізілген Қоғамның директорлар Кеңесінің барлық отырыстарына қатысқан.


Мақсұтов Асқар Бақытұлы 

2018 жылғы тамыздан бастап «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі. 

1973 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады.  

1997 – 2000 жылдары Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінде жұмыс жасады. 

Темір жолдағы еңбек қызметін 2002 жылы бастады. «Желдорводотеплоснабжение» ААҚ вице-президенті, «Теміржол жылу» АҚ экономика жөніндегі вице-президенті, «Локомотив» АҚ экономика және қаржы департаментінің директоры, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – «Магистральді желі дирекциясы» филиалы директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, «Локомотив» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті және «Қазтеміртранс» АҚ қаржы жөніндегі вице-президенті лауазымдарында болды.   

2018 жылғы сәуірден бастап «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті лауазымын атқарады. 


Директорлар кеңесінің комитеттері

Қоғамның директорлар Кеңесі жанынан екі Комитет қызмет етеді: тағайындаулар Комитеті және сыйақы беру Комитеті.

Тағайындаулар Комитеті директорлар Кеңесінің кеңестік органы болып табылады. Қоғамның директорлар Кеңесінің шешімімен құрылған (2008 жылдың 10 желтоқсанынан № 12 хаттама). Тағайындаулар Комитетімен әзірленген барлық ұсыныстар кепілдеме ретінде болып, директорлар Кеңесінің қарастырылуына беріледі.

Қоғамның директорлар кеңесінің тағайындаулар бойынша Комитет мүшелері: Е. Б. Смаилов — Комитет Төрағасы — Тәуелсіз директор, Е. А. Кизатов — Комитет Мүшесі — директорлар Кеңесінің Төрағасы, Г. К. Мадиева — Комитет Мүшесі, Тәуелсіз директор.

2010 жылы тағайындаулар Комитетімен 1 отырыс өткізіліп, оның барысында директорлар Кеңесіне Қоғам Басқармасы Мүшелерінің құрамы мен өкілеттілік мерзімін сайлау және анықтау, өкілеттіліктің мерзімге дейін аяқталу сұрағы бойынша шешімді қарастыру және шешу кеңесі берілді.

Сыйақы беру Комитеті директорлар Кеңесінің кеңестік органы болып табылады. Сыйақы беру Комитетімен әзірленген барлық ұсыныстар кепілдеме ретінде болып, директорлар Кеңесі қарастырылуына беріледі.

Сыйақы беру Комитеті Қоғамның директорлар Кеңесі шешімімен құрылған (2008 жылдың 10 желтоқсанынан № 12 хаттама, Қоғамның ағымдағы жағдайлары, мақсаттары, міндеттері және қызметінің түрі мен масштабы бойынша осыған ұқсас компаниялардағы сыйақы беру-деңгейіне сәйкес директорларға, Басқарма мүшелеріне, ішкі аудит Қызметінің жетекшісіне, Корпорациялық хатшыға сәйкес сыйақы беру сұрақтары бойынша директорлар Кеңесіне кепілдемелерді әзірлеу және ұсыну мақсатында).

Қоғамның директорлар Кеңесінің сыйақы беру бойынша Комитет Мүшелері: Г. К. Мадиева — Комитет Төрайымы — Тәуелсіз Директор, А. М. Лепесбаев — Комитет Мүшесі — директорлар Кеңесінің Мүшесі, Е. Б. Смаилов — Комитет Мүшесі — Тәуелсіз Директор.

2010 жылысыйақы беру Комитетімен 1 отырыс өткізіліп, директорлар Кеңесіне Қоғамның орталық аппаратының әкімшілік-басқару қызметкерлер құрамының еңбегін төлеу Кестесінің шеңберінде Басқарма Мүшелерінің қызметтік окладтарының көлемін анықтау кеңесі берілді.

Тәуелсіз директорлар үлесі

Бірлестік басқарудың үздік тәжірибесін енгізу мақсатында Компания қызығушылығына барынша сәйкес әділ шешімдерді қабылдаудың кепілі болып табылатын Бірден-бір акционер мен компания басшылығынан тәуелсіз директорлар бар болуы қажет.

Директор тәуелсіз бола алады, егер ол:

1. соңғы бес жыл ішінде Қоғамның, оның еншілес және тәуелді ұйымының жұмыскері болмаса;
2. директорлар Кеңесі мүшесінің сыйақысынан басқа Қоғамнан қосымша сыйақы алмаған не алмайтын жағдайда;
3. осыған ұқсас қызметті басқа да мекемелер немесе ұйымдарда атқармаса, басқа да мекемелер мен ұйымдарда осындай қатысу арқылы директорлар Кеңесінің басқа мүшелерімен едәуір байланысы бар болса;
4. Бірден-бір акционер немесе басқарудың мемлекеттік органдары атынан шықпаса;
5. Тоғыз жыл қатарынан директорлар Кеңесінің мүшесі болмаған жағдайда.

Өз өкілеттілігін жүзеге асыратын директорлар кеңесінің Мүшелеріне сыйақы тапсырылмайды. Басқарма Төрағасы да директорлар Кеңесіндегі жұмысы үшін сыйақы алмайды. Осылайша, сыйақыны тек тәуелсіз директорлар ғана алады. Директорлар Кеңесінің мүшелеріне сыйақылар мен өтемдерді төлеу жағдайлары мен тәртібі Бірден-бір акционер шешімімен анықталған (2010 жылдың 7 мамырынан № 7 хаттама).

Директорлар кеңесі мүшесінің міндеттерін атқару үшін директор бекітілген жылдық сыйақысын алады.

Тәуелсіз директорға сыйақыны төлеу ендігі жағдайлар атқарылған жағдайда жүзеге асырылады:

  1. қоғамның қызығушылықтарын едәуір үлкен дәрежеде көрсететін әдістерді пайдаланумен директорлар Кеңесі мүшесінің өкілеттілігін адал орындау; 
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасы және Қоғам Жарғысымен шешімдерді қабылдаудағы басшылық; 
  3. ауырып қалу, демалыс және іс-сапар себептерінен басқа күндізгі отырыстарға және Қоғам директорлары Кеңесінің сырттай жүргізілетін барлық отырыстарына қатысу.

Бекітілген сыйақы беру Қоғамның директорлар Кеңесімен жылдық қаржы есебін алдын ала бекітуінен кейін бір ай көлемінде сәйкес күнтізбелік жылдың жұмыс кезеңіне сай жылына бір рет, ақша түрінде төленеді.

Қоғамның Тәуелсіз директорлары Мадиева Гүлмайра Құрманғалиқызы мен Смаилов Ерлан Байкенұлы нағыз есептің датасына «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қоғамның бірлескен басқармасының Жарғысы мен Кодексінде көрсетілген тәуелсіздік критерияларына толық сәйкес келеді.

Г. К. Мадиева құнды қағаздар және қаржы нарығының саласында тәжірибелі маман, екі жоғарғы білімі және МВА дәрежесі бар, Қазақстан Республикасы қаржыгерлері Ассоциациясының және Қазақстан Республикасы тәуелсіз директорлар Ассоциациясының мүшесі.

Қоғамның тәуелсіз директоры Г. К. Мадиева өзінің біліктілігі мен тәжірибесі арқасында Қоғам директорлары Кеңесінің қызметіне, әсіресе еңбек өнімділігін арттыру Бағдарламасы және қызмет тиімділігін арттыру Бағдарламасын әзірлеуде, еурооблигацияларды шығару жолымен қаржы қорларын тартуда және ішкі құжаттар мен бюджетті бекіту бойынша сұрақтарды шешуде-де айтарлықтай үлес қосқанын назардан шығаруға болмайды.

2010 жылдың 23 желтоқсанында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының директорлар Кеңесі шешімімен тәуелсіз директор болып Е. Б. Смаилов сайланды. Оның мемлекеттік қызметте жұмыс істеу тәжірибесі және екі жоғарғы білімі бар.