Басқарма

«Қазтеміртранс» Акционерлік қоғамының Басқармасы (бұдан әрі — Қоғам) Қоғамның басқа органдары мен қызметтік тұлғалар құзыретіне Қоғам Жарғысының және Қазақстан Республикасының басқа да заңнама актілері және Заңында көрсетілмеген құзыреті Қоғам қызметінің барлық сұрақтарын шешу болып табылатын ұжымдық атқарушы орган болып табылады. Басқарма Бірден-бір акционер және директорлар Кеңесінің шешімдерін орындауы міндетті.

Басқарма қызметінің негізгі міндеттері — Қоғам қызметінің стратегиясы бойынша ұсыныстарды әзірлеу, Қоғамның қаржы-шаруашылық саясатын жүзеге асыру, ағымдағы шаруашылық қызметі мен оның бөлімшелерінің жұмысын үйлестірумен байланысты маңызды сұрақтар бойынша шешімдерді шығару, бақылау және тәуекелдер мониторингі жүйесінің тиімділігі және акционердің құқықтары мен заңды қызығушылықтарын қамтамасыз ету.

Басқарма өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғам Жарғысына, Бірден-бір акционер және Қоғам директорлары Кеңесінің шешімі, сонымен қатар Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

Басқарма Қоғам қызығушылығы негізінде қызмет жасап, Бірден-бір акционер мен Қоғамның директорлар Кеңесіне есеп береді.

Басқарманың отырыстары Қоғамның төрағасы, Басқарма мүшелері және құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері ұсыныстарының негізінде қалыптасатын жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Жұмыс жоспары Басқарманың әр мүшесіне отырыстарға дайындалу және өткізілетін отырыстар сапасын арттыру мүмкіндігін береді.

2011 жылы 42 отырыс жұмысы жүргізіліп, 196 сұрақ өз шешімін тапты.

2014 жылы Бақарманың 29 отырысы өтіп, 109 сұрақ қарастырылды.

2015 жылдың басынан 38 отырыс өтіп, 106 сұрақ қарастырылды. 

2016 жылдың басынан 39 отырыс өтіп, 124 сұрақ қарастырылды. 

Басқарма мүшелерінің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қоғам Жарғысымен, Қоғамның Басқарма туралы Ережелерімен (дайындық үстінде) анықталады.


«Қазтеміртранс» Акционерлік қоғамы Басқармасының құрамы

05.06.2017 жылға

1)

Басқарма төрағасы 

Сауырбаев Қайрат Әбенұлы

2)

Вице-президент

Жұмасылов Ерлан Сапарбайұлы

3)

Қаржы жөніндегі вице-президент

Ахмурзин Ерік Мерекеұлы

4)

Экономика және қаржы департаментінің директоры

Мусин Талғат Жағпарұлы 

5)

Құқықтық жұмыс департаментінің директоры  

Мұталиев Мұрат Нұрахметұлы