Бірлескен басқарма

«Қазтеміртранс» Акционерлік қоғамындағы (бұдан әрі — Қоғам) бірлескен басқарма әділеттілік, адалдық, жауапкершілік, мөлдірлік, кәсіптілік және құзыреттілік негіздерінде құралған. Бірлескен басқарма жүйесі барлық қызыққан тұлғалардың құқықтары мен қызығушылықтарын құрметтеуге, Қоғам үшін сыни тәуекелдерді уақытында анықтау мен оларды басқаруды, Қоғам құндылығының өсуін, қаржы тұрақтылығы мен түсімділікті қолдауды қоса алғанда, Қоғамның сәтті қызметін болжам етеді.

Қоғам бірлескен басқарма жүйесін Бірден-бір акционер қызығушылығын сақтау, барлық қызыққан тұлғалармен қарым-қатынастардың үйлестірілген жүйесін құру және өз қызметінің тиімділігін арттыру құралы ретінде қарастырады.

Қоғамдағы бірлескен басқарманың негізге алынатын принциптері:

  • бірден-бір акционердің құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау принципі;
  • қоғамның директор Кеңесі мен Басқарманы тиімді басқару принципі;
  • қоғамның дербес қызметінің принципі;
  • ақпаратты ашудың мөлдірлігі мен әділдік принциптері;
  • заңдылық және этика принциптері;
  • тиімді дивидендтік саясат принциптері;
  • тиімді кадрлық саясат принциптері;
  • қоршаған ортаны қорғау принципі;
  • бірлескен даулар мен қызығушылықтар дауларын реттеу саясаты;
  • жауапкершілік принципі.

Қоғамдағы бірлескен басқарманың негізгі мақсаттары:

  • стратегиялық жоспарлау, мониторинг және ішкі бақылауды үлгілендіру;
  • қоғамның қаржы жағдайы, экономикалық көрсеткіштері, жеке меншік құрылымын және басқарманы қоса алғанда, Қоғам туралы, ақпараттың уақытылы ашылуын қамтамасыз ету;
  • есеп астындағы жүйенің, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау механизмдерін үлгілендіру арқасында Қоғамның тиімді қызметін арттыру;
  • Қоғамның маңызды деген қоры ретінде басқарма және жеке құрам дамуының тиімділігін арттыру, әлеуметтік сұрақтарды шешу мен еңбек жағдайларын регламенттеуде Қоғам мен жұмыскерлер арасындағы серіктестік қарым-қатынастардың дамуы;
  • қызыққан тұлғалармен белсенді қызметтестік жасау және т.б.

Қоғамдағы Бірлескен басқарманың кодексі № 7 хаттамамен 2009 жылдың 24 қарашасынан «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының директорлар Кеңесі шешімімен бекітілген.

Қоғамның бірлескен басқармасының Кодексіне сәйкес бірлескен басқарма принциптерін енгізуге бағытталған маңызды іс-шаралар арасынан Қоғамдағы Бірлескен басқарма Кодексін енгізу бойынша (2010 жылғы 11 мамырынан № 6 хаттама) директорлар Кеңесімен бекітілген жоспарды атап өтуге болады.

Қоғамдағы Бірлескен басқарма Кодексін енгізу бойынша жоспарға сәйкес бірлескен басқарма бойынша ішкі құжаттар бекітілді. Атап айтқанда:

  1. Іскерлік этика Кодексі;
  2. Қоғамның бірлескен дауларын реттеу Саясаты;
  3. Қоғамның маңызды бірлескен оқиғалары саласындағы Саясат;
  4. Қоғамның ақпаратын қорғау Ережелері;
  5. Валюталық тәуекелдерді басқару Ережелері;
  6. Пайыздық тәуекелдерді басқару Ережелері;
  7. Өтемпаздықты жоғалтудың тәуекелін басқару Ережелері;
  8. Идентификация және тәуекелдерді бағалау Ережелері;
  9. «Көлік қызметінің Орталығы» Акционерлік қоғамының бірлескен басқарма Кодексі;
  10. Еншілес мекемелерге қатысты Қоғамның дивидендтік Саясаты;
  11. Қоғамның корпорациялық хатшысы туралы Ережелер;
  12. Қоғамның тәуекелдерді басқару Саясаты.

2011 жылы Қоғамның бірлескен басқармасын үлгілендіру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Қоғамның құрылымы және органдар құзыреттілігі туралы ақпарат

Қоғамның органдары болып табылады:

  1. Жоғарғы орган— Бірден-бір акционер («Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы).
  2. Басқару органы— директорлар Кеңесі, құзыреттілігі— Қоғамқызметінің жалпы басшылығыжәнеБасқарма қызметінің бақылауы.
  3. Атқарушы орган— Басқарма, құзыреттілігі— ҚоғамБасқармасының Төрағасымен басқарылатын Қоғамның ағымдағы қызметінің басшылығы.


Басқару органы мен атқарушы органының құзыреттілігі Қоғам Жарғысымен анықталған.

Іскерлік этика кодексі

Қоғамның іскерлік этикасының Кодексі Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары және этикалық нормалар сапары негізінде компания дамуы мен қызыққан тұлғалармен тиімді өзара әрекеттесуі үшін басқарма құралы болып табылады.

Компанияның іскерлік этика Кодексі Қоғамның директорлар Кеңесі шешімімен бекітілген (2010 жылдың 04 шілдесінен № 9 хаттама).

Қоғам қызметі негізінде қалыптасатын негізгі бірлескен құндылықтар арасында жұмыскерлердің имандылығы, сенімділігі және кәсіптілігі, олардың еңбектерінің тиімділігі, бір-біріне және Қоғамның қызыққан тұлғаларына деген құрметі бар.

Қоғам іскерлік этикасының ендігі принциптерін басшылыққа алады:

  • адалдық
  • әділеттілік
  • ниеттік
  • мөлдірлік
  • жауапкершілік.
Ақпаратты ашу

Қоғам қаржы есептілігін Қазақстандық және халықаралық стандарттарға сай жүргізеді және ашады.

Ашықтық принципіне жүгіне отырып, Қоғам мемлекеттік немесе коммерциялақ құпиядан басқа Бірден-бір акционер, инвесторлар немесе басқа да қызыққан тұлғаларды қызықтыратын немесе олар үшін елеулі болуы мүмкін өз қызметі туралы қосымша, ақпаратты да аша алады.

Ақпаратты ашу үшін Қоғам хат алушылар үшін ең ыңғайлы құрал мен әдістерді қолданады. Ақпараттың барынша үлкен көлемі www.kazcargo.kz веб-сайтында орналастырылған.

Қоғам, ақпаратты, ақпараттық агенттіктер және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да ашуы мүмкін. Қоғам өміріндегі әр маңызды оқиға немесе әрекет пресс-релиздермен сүйемелденеді. Компания өз қызметінің маңызды сауалдары бойынша баспасөз конференцияларын өткізіп тұрады.

Тәуекелдері басқару және ішкі бақылау жүйесі

Қоғамдағы тәуекелдерді басқарудың бірлескен жүйесі бірден-бір акционер «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының сипаттамасы аясында жүзеге асырылады. Осыған сәйкес тәуекелдерді басқарудың бірлескен жүйесінің енгізілуі «Тәуекелдердің бірлескен басқармасы — «Интеграциялық модель» (2004) COSO моделіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

Қоғамдағы тәуекелдерді басқару үшін негізгі методологиялық базасы болып компанияның директорлар Кеңесімен бекітілген тәуекелдерді бірлескен басқарудың Тұжырымдамасы, тәуекелдерді басқару Саясаты және Қоғам тәуекелдерінің идентификациясы мен бағалау Ережелері табылады.

Қоғамдағы тәуекелдерді басқару Саясатының негізгі мақсаттары болып табылады:

  • қоғам және оның еншілес мекемелерін басқару элементі ретінде тиімді кешендік жүйені және тәуекелдерді басқарудың интеграциялық процессін құру, сонымен қатар әдістерге деген біртұтас дара шешімдерді және тәуекелдерді басқару процедуралары негізінде қызметті үнемі үлгілендіру;
  • ұстау қабілеттілігін анықтау мен қабылданған тәуекелдерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету.

Басқармалық есеп беру Жүйесін енгізу жобасы аясында «Самұрық-Қазына»ҰАҚ" АҚ мен оның құрамына кіретін ұлттық компанияларда «Интеграциялық модель» (2004) COSO моделіне сәйкес келетін басқарма-деңгейінің ішкі бақылауы 27 түрінің ағымдағы мәртебесін көрсететін Қоғамның басқарма-деңгейінің тәуекелдері мен бақылауының Матрицасы құрастырылды.

Қоғамның тәуекелдері мен бақылауы Матрицасының ішкі бақылауының 27 түрі басқарма-деңгейінің тәуекелдері тұрғысынан қарағанда, ішкі бақылау жүйесін құруға, жетіспеушіліктерді анықтауға және бірлестік басқармасының жүйесін үлгілендіру үшін мүмкіндіктерді анықтауға бағытталған.

Бүгінгі күні Қоғаммен 27 бақылау процедурасының 24-ті енгізіліп, атқарылып жатыр. Қалған бақылау процедураларының енгізілуі 2011 жылға көзделіп отыр.

Басқарма есебінің жүйесін енгізу бойынша іс-шаралар Жоспарына сәйкес Қоғамда директорлар Кеңесімен, Басқармамен, құрылымдық бөлімшелермен және Қоғам еңбеккерлерімен ортақ түрде жүзеге асырылып жатқан процесс ретінде анықталатын ішкі бақылау жүйесі енгізілген. Олардың әрекеті Қоғамның келесі мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс:

  • қызмет тиімділігін;
  • активтердің, ақпараттың және қорларды тиімді пайдаланудың сақталуын;
  • қаржы және басқару есебінің толық болуын, сенімділігін және дәйектілігін;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасы мен ішкі құжаттар талаптарын сақтауды;
  • тәуекел-менеджменттің оңтайлы жүйесін енгізу мен қолдау арқасында тәуекелдерді азайтуды қамтамасыз ету.

Ішкі бақылаудың жүйесі Қоғам мақсаттарына қол жеткізу бөлігінде Қоғамға тәуекелдерді сәйкес түрде сезініп, тиімді және рационалды қызметіне себеп болатын саясат, процесстер және процедуралар, өзін-өзі ұстау және іс-әрекеттер жиынтығы ретінде анықталады.

Ішкі бақылау жүйесі өзара байланысы бар бақылау ортасы, тәуекелдерді бағалау, ішкі бақылау процедурасы, ақпараттық қамтамасыз ету және, ақпаратпен алмасу жүйесі, мониторинг және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау сияқты компоненттерді қамтиды.

Корпоративтік хатшы

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес Корпоративтік хатшы – қоғамның директорлар Кеңесінің және (немесе) атқарушы органның мүшесі болып табылмайтын акционерлік Қоғамның қызметкері, оны Қоғамның директорлар Кеңесі тағайындайды және ол Қоғамның директорлар Кеңесіне есеп береді.

«Қазтеміртранс» АҚ-ның «Қазтеміртранс» АҚ директорлар Кеңесімен бекітілген (№1 хаттама 09.02.09 жыл) «Корпоративтік хатшы туралы» Ережесіне сәйкес (әрі қарай - Ереже) Корпоративтік хатшы өз қызметін ҚР заңнамасына, Жарғыға, Корпоративтік басқару кодексіне, Ережелерге, және басқа да ішкі құжаттарына, оған қоса Жалғыз акционердің және директорлар Кеңесінің шешімдерінің негізіне сәйкес жүзеге асырады.

Корпоративтік хатшы лауазымы органдар мен корпоративтік басқару Қоғамның саясаты мен рәсімдерін сақталуын қамтамасыз ету үшін, Қоғамның Жалғыз акционерінің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету үшін енгізілді.

«Қазтеміртранс» АҚ-ның директорлар Кеңесінің шешімімен 2015 жылдың 29 қазан айынан бастап (№13 хаттама) «Қазтеміртранс» АҚ Корпоративтік хатшысы болып Қозыбаева Алтын Урумбасаровна, 1979 жылы туған, тағайындалды.

Ол юриспруденция мамандығы бойынша, 2004 жылы Орталық Азия университетін бітірген. Жалпы қызмет өтілі - 13 жыл, оның ішінде 5 жыл - заңгерлік, темір жол көлігінде - 7 жыл.

Соңғы үш жылдағы еңбек тәжірибесі:

15.10.2012 жылдан 13.12.2013 жылға дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Тасымалдау процесінің дирекциясы» бөлімшесінің келісімшарттардың құқықтық сараптамасы және жергілікті актілердің құқықтық қамтамассыз ету басқармасының бас маманы;

26.03.2014 жылдан 09.06.2014 жылға дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бөлімшесі «Жолдың Ақтөбелік бөлімінде» құқықтық секторының бас заң кеңесшісі;

09.06.2014 жылдан 08.07.2014 жылға дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Тасымалдау үдерісінің дирекциясы» бөлімшесінің құжатхана бас маманы;

03.03.2015 жылдан 28.09.2015 жылға дейін – «ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Интеграцияланған жоспарлау дирекциясы» бөлімінің менеджері.